- Advertisement -

Жамбылдық өрендер жеңісі

102

- Advertisement -

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Семей қаласында өткен «Туады ерлер ел үшін» I республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы болып өтті. Аталмыш байқаудың «Алатаудай айбатың, ер екенсің айтулы» бөлімі бойынша Шу ауданындағы Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Тұтқабай Жетпісбай II дәрежелі дипломмен, Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Жансая Сәрсенбаева «Белсенділік» аталымы бойынша грамотамен марапатталды. Олар қазақ батырлары мен жыраулары жөнінде қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беруімен де ерекшеленді.
Араға бір күн салып барып ұлы ақынның туған жері – Жидебайда өткен XVI республикалық дәстүрлі Абай оқуларында да жамбылдық жеткіншектердің мерейі үстем болды. Атап айтқанда, Меркі ауданы № 2 мектебінің 9-сынып оқушысы Дастан Қанат байқаудың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Ол Абай хакімнің 363 өлеңін, 3 поэмасын, 10 қара сөзін жатқа айта білетіндігімен қазылар алқасын қайран қалдырды. Басқа да аталымдар бойынша Шәкәрімнің елге танымал «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін өзгеше нақышпен тамылжыта орындаған Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназияның 8-сыныбында оқитын Алина Шухратова II дәрежелі диломмен, Шу ауданы М. Мақатаев мектебінің 11-сынып оқушысы Серік Спанәлі мақтау қағазымен марапатталды.
Облыс бойынша оқушылардың осындай шығармашылық байқауларға қатысуын үйлестіруші-жетекші, Тараз қаласындағы № 39 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаншайым Иманалиева облыс оқушылары тобын таяу күндерде Атырау қаласында өтетін «Махамбет оқулары» байқауына бастап бармақ.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support