Талас

Талас
ашық дереккөз
Талас
Қаратау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп оқушыларына аудандық орталық аурухана ұжымы 50 мың, өкпе аурулары диспансері 15 мың, аудандық әскери комиссариат 20 мың теңгеге оқу құралдары мен мектеп формасын алса, «Мирас» балабақшасы Қаратау технология, білім және бизнес колледжі және «Тұрғын үй» ЖШС ұжымдары да 10-15 мың теңгеден үлестерін қосып, аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 15 баланы мектепке әзір етті. Мектеп ұжымы да игілікті істен шет қалмай, 5 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын әперді. «Мектепке жол» акциясы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің көмекке мұқтаж балалары үшін 132 мың теңгеге қайырымдылық шара өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар