- Advertisement -

Тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік

97

- Advertisement -

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-нің ұйымдастыруымен «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін  арттыру»  тақырыбында оқу-семинары ұйымдастырылды.  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың  мәжіліс залында өткен шараға өңіріміздегі кәсіпорындар мен зауыттардың арнайы шақыртылған сексен екі маманы қатысып тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырмақ. 

Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология комитетінің бастамасымен қолға алынған семинарда  ұйымдастырушылар өнеркәсіптің 14 басым секторларында 1300 қызметкерді түрлі бағыттар бойынша дайындауды көздеп отыр. Олар – техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау(растау), аккредиттеу, метрология (заңды және қолданбалы) сипаттамалары және негіздері секілді бағыттар. Жоба барысында қарапайым қызметкерлерден бастап инженерлер мен менеджерлер деңгейлеріндегі қызметкерлер де оқып, тәжірибе алмасты.

– Бұл шара қызметкерлерге  мүлдем жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – іс жүзінде түрлі деңгейдегі  құқығы халықаралық стандарттарға сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы Қазақстанның өнеркәсіптік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру  және арттыру болып табылады. Бес күнге созылатын аудиториялық оқыту циклі  әр күні әр түрлі тақырыптар бойынша жүзеге асады. Алғашқы күні өздеріңіз куә болып отырғандай, «Техникалық реттеу, стандарттау, Еуразиялық экономикалық  одақ туралы заңнама» бағыты бойынша  Астанадан арнайы келген «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының  орынбасары Еркежан Әмірханова дәріс оқыса, қалған төрт күнде «Мемлекетаралық және халықаралық стандарттау, БСҰ келісімі», «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптары», «Қазақстан Республикасында менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу. Жүйелеу және жіктеу жүйесі. Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры» және «Сәйкестікті бағалау (растау), аккредиттеу жұмыстарын жүргізу бойынша негізгі талаптар сәйкестігін бағалау. Құқықтық және қолданбалы метрология негіздері»  бағыттарында баяндамалар жасалады, – дейді, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК облыстық филиалының директоры  Асқар Мыңбаев. Сондай-ақ,Асқар Құрманұлының айтуынша аталмыш жоба еліміздің барлық аймақтарында ағымдағы айдан бастап үш ай ішінде  жүзеге асырылып жатқанын білдік.

Оқу-семинар барысында тақырып бойынша дәрістерді  өнеркәсіп саласының басым секторларының жетекші сарапшы-аудиторлары жүргізбек. Біліктіліктерін шыңдаған әрбір қатысушыға сертификат табыс етіліп, олардың сала бойынша өз жұмыстарына жаңа серпінмен қатысуына жол ашылмақ.

 

Жанғазы АХМЕТ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support