- Advertisement -

«Өрлеу» орталығы сертификат тапсырды

123

- Advertisement -

Білімдіге өріс кең. Әсіресе, мектеп мұғалімдерінің білімді де білікті болуы өте маңызды. Білімді жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарға кең ауқымда бағыт беру барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бұл міндетті абыройлы атқарып келеді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы облыс бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында кезекті сертификат тапсыру салтанаты өтті. Жиналғандар алдында аталған институт директоры Ғалия Сыздықбаева сөз сөйлеп, орталықтан жетілдірген білімдерін әрбір ұстаз өздері еңбек ететін мектептерде кеңінен пайдаланып, жаңашыл білім жүйесін дамытуға ықпал ететініне сендірді. Сондай-ақ, Ғалия Ұзақбайқызы бұл жолы 405 тыңдаушыға сертификат тапсырды. Жиын барысында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай биылғы жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында мұғалімдердің кәсіби дамуына жол ашу әрі тәжірибесін таратуға мүмкіндік беру мақсатында жарияланған «Білім берудегі көшбасшылық: табысты мұғалім – табысты оқушы» республикалық онлайн байқауының қорытындысы хабарланып, облыстық кезеңнің жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді.
Әлемдік деңгейде білімнің өркендеуі бәсеңдемейді. Ендеше, бүгінгі кезең ұстаздары сол өркендеу мен өзгерістер талабына жауап беретін деңгейде болулары тиіс. Себебі, ел болашағы – жасөспірімдердің тағдыры мұғалімдердің қолында.

Сағадат Қарымбаева,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы облыс бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының маманы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support