- Advertisement -

Ұстазды ұмытпау да, ұлықтау да парыз

136

- Advertisement -

20120213163557Біз көбінесе мұғалімі дұрыстап ұғындыра алмағандықтан балалар нашар білім алады деп ойлаймыз. Бұған қарсы айтар уәжім бар. Бала өздігінен ізденсе, сыныптан тыс оқыса, ал сыныпта оны пысықтап, қайталаса, бәрін де біліп, түсінеді. Ол үшін мұғалімді кінәлауға болмайды. Алайда, мұғалім барлық оқушымен тығыз байланыста болып, олардың қателігін жаймен түсіндіріп, жетістіктерін айтып, қуантып отыруы керек. Мұғалім үшін шәкірттерінің бәрі бірдей. Тек оқушының еңбектенуі кемшіндеу. Баға қою кезіндегі келіспеушілік те осыдан келіп туындайды. Сабақты зейін қойып тыңдамау, шулау оқушыға еш пайда әкелмейді.
Сондықтан, мұғалімнің ақ тер, көк тер еңбегі еленбей, тасада қалып қояды.
Кейбіреулер әлі де ұстаз деген ұлағатты ұғымның мән-маңызын жете түсініп, ұға алмай жүр. Соның кесірінен қоғамда олар туралы жаңсақ пікірлер қалыптасуда. Бірақ, бұл пікірлердің барлығы құдық ішінде жатып,  дүние деген осы ғана екен деп ойлайтын бақа сияқты  көрмей-білмей, көз жеткізбей асығыс шешім шығару болып табылады.
Мұнымен не айтқым келді? Мен мұғалімдік мамандықтың қоғамға тигізер игі ықпалын, маңыздылығын айтқым келді. Болашақта игілік атаулының барлығы білім арқылы келмек. Ал ондай білімді беруші, басты үйретуші жұмысқа тарту – ұстаз. Сондықтан, ұстаз еңбегін бағалап, ұмытпау һәм ұлықтау — біздің қасиетті парызымыз.

Ерлан РАУШАНОВ,
№ 18 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Сортөбе ауылы,
Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support