«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ең басты байлық – ел тыныштығы

Ең басты байлық – ел тыныштығы
ашық дереккөз
Ең басты байлық – ел тыныштығы

Давришев Махмутжон мирадиновичТеледидардан жаһан жаңалықтарын көрсеңіз, жаныңыз түршігеді. Өзара келісімге келе алмай қырқысып жатыр. Еуропа елдеріндегі жаппай белең алған жұмыссыздық. Жұмысынан айырылып, нәпақа іздеп, басқа елге ауа көшкен босқындар. Осыған қарап, елдің ең басты байлығы  тыныштық пен татулық екеніне көзім жеткендей. Жалпы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты елімізді төнген қауіп - қатерден сақтап, талай тығырықтан алып шығатынын баса айтуымыз керек. Сондықтан, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысы ұсынған бағытты дұрыс деп бағалаймын. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше дағдарысты бастан өткерді. Сол кездерде де ендігі күніміз не болады деп қобалжығанбыз. Алайда, Ұлт Көшбасшысының дұрыс шешім шығарып, стратегиялық бағдарламаларды қабылдауының арқасында қиындықты жеңе білдік.  Ең бастысы, елдің тыныштығы мен бейбітшілігі екенін ұмытпауымыз керек. Өйткені, дағдарыс келеді, кетеді. Ал ел – мәңгілік. Елбасымыз айтқандай, қанша бағдарламалар қабылдасақ та, дүниежүзілік дағдарыстың елімізді айналып өтуі мүмкін емес-ті. Қазақстанның әлемдегі бүкіл мемлекеттермен байланысы бар екені белгілі. Сондықтан  нарықтағы баға өзгерісі біздің ішкі ахуалға да әсер етері анық еді. Халықаралық сарапшылар  бұл дағдарыстың тез уақытта еңсеріле қоймайтынын айтады. Сондықтан, қазақстандық экспортта қалыптасқан қолайсыз жағдай  әсері жұмыс орындарын қысқартуға, өндіріс көлемін кемітуге әкеп соғар еді. Сол себепті, теңге бағамы еркін айналымға жіберілді. Бірақ, бұл халықтың жайын ойлаудан туған шешім екенін түсінуіміз керек. Импорттық тауарларға тәуелділіктің қандай болатынын қазақстандықтар әлі ұмыта қойған жоқ. «Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуал едәуір төмендеді. Экономиканың бүкіл дүниеде нашарлағаны бәрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына әсер етуде. Бұл – дамушы және дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына баға барша әлемде төмендеді, сондықтан біздің бюджетке түсетін қаржының ауқымы едәуір төмен болды. Біз бұрын мұндай жағдайлардың талайынан өттік. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі кездегі жылына екі мың пайыз инфляциядан өткеніміз естеріңізде болар. Барлық зауыттар мен фабрикалардың тоқтап, екі миллион адамның жұмыссыз қалғаны, зейнетақы мен жалақы төлей алмай қалғанымыз белгілі. Ол мемлекеттің ешқандай қоры болмаған кез еді», дейді Елбасы тәуелсіздіктің елең-алаңындағы тоқыраудың тигізген салдары жайлы. Рас, бұл еліміз үшін ең қиын әрі сындарлы кезең еді. Одан кейін өткен ғасырдың аяғындағы Шығыс Азиядағы ұлы дағдарыстың салқыны келді. Ресейдің рублі 6-дан 24-ке дейін көтеріліп, төрт есе құлаған кезде Қазақстанда да жағдай мәз емес-тін. Одан кейін 2007-2009 жылдардағы Америкадан басталған дағдарысты да еңсердік. Енді бұл қиындықты да жеңе білетінімізге сенім мол.

Махмутжон Давришев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, кәсіпкер.

Ұқсас жаңалықтар