Әскерге кетіру жолы

Әскерге кетіру жолы
ашық дереккөз
Әскерге кетіру жолы
шубай 001 Ұлым әскерге кетпеді, Күзде салмағы жетпеді. Шақырып еді қайтадан, Май айында майтабан. Бір жылда екі шақырады, Сап-сау басын қатырады. Балам барам деп, әй, ұмтылады, Бірақ бір сылтау дайын тұрады. Ретті-ретсіз рентген, Әскери басшы шіренген. Деп көршіме айттым жайымды, Азамат еді ол пайымды. Ол маған ақыл айтты таптырмас, Біреу жақтырар, біреу жақтырмас: «Бара бермей, пара бер, Содан кейін қара, көр! Майтабаның жай табан, Болады деп айта алам. Таза болады өкпесі, жүрегі, Батырдай жуан болады білегі. Жетпеген салмағы жетеді, Балаңыз әскерге кетеді. Көрші ақылы санама жетті, Ұлымыз әскерге кетті. Балгердің бәтуасы         (сықақ) Алтынкүл апай ауырып, Жүре алмаған соң сауығып. Жазылу жолын іздеді, Дәрігерден үміт үзбеді. Қарастырып амалды, Емшіге де қаралды. Тапқан екен бір тәуіпті, Төндірмеді қауіпті. Бір қолында жауырын, Ұстап көріп тамырын. «Елуде екен жасыңыз, Ауырады аздап басыңыз. Аяғыңыз қақсап жүр, Қақсаған соң ақсап жүр. Доғдырға көп жатқан екенсіз, Дәріге белшеден батқан екенсіз. Емшіліктен жұрдай емеспін, Бірақ, бәрін білетін «Құдай» емеспін. Қолдан келгенше емдеймін, Шай-пай ішкенім жөн деймін», – Деп тәуіп көңіліндегісін кесіп айтты, Науқасты жазатынын шешіп айтты. Апай шайдың пұлын берді, Балгер аздап күлімдеді. Апайдың болмай мәнісі, Тәуіптің оң болмады бар ісі. Тіпті түкке аспады, Жасап берген дәрісі. Көзіне келіп жас түрлі, Ақсаған аяғы асқынды. *   *   * Апай тәуіпті қарғап жүр, Ал тәуіп жұртты алдап жүр. Шубай Күленбаев, сатирик. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар