- Advertisement -

Жамбылда не жаңалық?

74

- Advertisement -

Байзақ

Облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен Түймекент орта мектебінде жиын өтті. Жиынға Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары  Т. Мысықбаев,  Дін проблемаларын  зерттеу орталығының  бөлім басшысы  Ерзат Жақыпов және ауыл тұрғындары қатысты. Басқосу барысында дінімізді құрметтеу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу  мәселелеріне баса назар аударылып,  жат  ағымдардың жетегінде кеткен қандастарымыз туралы  бейнефильмдер көрсетілді.

Мойынқұм

Аудандық Мәдениет үйінде «Балаларға бірге көмек берейік!» атты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға аудан әкімдігінің бөлімдері,  мәслихат, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің басшылары, Жамбыл мектеп-гимназиясы, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептер мен №8 Мойынқұм колледжінің 11 оқушысына  заттай және қаржылай сыйлықтарын тапсырды.

Шу

Қалалық  «Локомотив» стадионында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар» МКҚК  орталығының  ұйымдастыруымен  ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай «Ата заңым айбыным» атты аудан жастары арасында спартакиада өтті. Іс-шараға аудан жастары, Шу ауданы әкімдігінің спорт бөлімі, ауыл әкімшіліктерінің жастар ұжымы қатысты. Арқан тарту, қол күрес, кіші футбол ойындарынан үздік деп танылған  жеңімпаздар Ә. Токулиев «Үздік шабуылшы», М. Орынбаев «Үздік қорғаушы», Ә.Қожа «Үздік қақпашы»  номинациаларымен  марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support