- Advertisement -

Жамбылда не жаңалық?

98

- Advertisement -

Жамбыл

«Садыбай-Байтана» қоғамдық (қайырымдылық) қоры біраз жылдан бері көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Осының жалғасы іспеттес жақында аудандық пошта байланысы торабының басшысы Б. Мырқалықов аталмыш қордың атынан Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғындары С. Нұрымбетова, Н. Садықұлов, А. Ербикеева және М. Сертековаға ақшалай жәрдем берді. Өз кезегінде тұрғындар мейірімділік танытқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Қордай

Отар  ауылында  «Өңірлерді  дамыту» мемлекеттік  бағдарламасы  аясында республикалық  бюджеттен  бөлінген 7 миллион  теңгеге  балалар  ойын  алаңы мен шағын  футбол алаңы жасалуда. Мердігермен  келісім-шарт  бойынша ол тамыз  айының соңына қарай  пайдалануға  берілетін   болады.

Сарысу

Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізді. Нәтижесінде, кәсіби біліктілігі, тәжірибесі бар 4 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Сондай-ақ, уақытша жұмыспен 12 азамат, қоғамдық жұмысқа 17 адам қабылданып, жұмысқа орналастырылды.

Т. Рысқұлов

Аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы» тақырыбында кездесу болып өтті.  Жиында жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеудің маңыздылығы жайлы келелі пікірлер ортаға салынды. Жастар ел мен жерді қастерлеудің, Отанды қорғаудың, әскери борышты өтеудің жауапкершілік жүгін  сезініп тарқасты.

Мойынқұм

«Ақбақай алтын алу фабрикасы» осы жылдың 6 айында 476,3 килограмм алтын, 151,6 килограмм күміс өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңінен алтын – 15,0, күміс 21,3 килограмға артық өнідірілді. Ал «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 642,6 мың тонна цемент өндірді. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өнім көлемі 1,5 пайызға ұлғайып, өнім көлемі  110,4 миллион теңгеге артқанын көрсетеді.

Талас

Аудан әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Ұлттық бизнес – рейтингтер одағы» және «Сауда-өнідіріс» рейтингісі ЖШС тағайындаған  «Сала көшбасшысы-2015» медалімен марапатталды. Жігері мен тәжірибесін осы салаға  арнаған аталған мекеменің бөлім басшысы Жақыпжан Әбілдаевқа қызметтегі  кәсіби біліктілігі үшін  «2015 жылдың үздік жетекшісі» Ұлттық сертификаты тапсырылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support