- Advertisement -

Жамбылда не жаңалық

99

- Advertisement -

Жуалы

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда «Денсаулық жолы» акциясы өткізілді. Аудандық орталық емханада өткен іс-шара барысында тұрғындарға кең көлемді ақпараттар берілді. Облыс орталығынан келген дәрігерлер  тобына ауыл тұрғындары тегін қаралып, ем-дом алды.

Қордай

Дәстүрлі  «Мектепке  жол»  акциясы аясында  биыл  тұрмысы төмен  отбасыларынан 3250  балаға  26 миллион  теңгенің  көлемінде  көмек  беру  ұйғарылды. Акция  басталған  алғашқы  күні-ақ  аудан орталығындағы көптеген  сауда орталықтары  мен  кәсіпкерлік  жүйелері  он үш  отбасының  мектеп  жасындағы  балаларына жалпы  көлемі 550 мың  теңгенің   мектеп  формасы, сөмкелер және  оқу  құралдарын  тарту  етті. Бұл  сауапты  іске  аудандағы барлық ауылдық округтер бойынша  кәсіпкерлер  мен  қалталы  азаматтар белсене  қатысуда.

Сарысу

Игілік ауылдық клубында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Атадан – аманат, ұрпақтан – ұлағат» атты атты ардагерлер арасында аудандық сайыс өтті. Олар  «Бердім сәлем бәріңе, үлкен-кіші, кәріңе», «Атадан қалған ақ бата, ұрпаққа үлгі бақ бата», «Атадан қалған домбыра, біле білсең, мол мұра»,  «Атамнан білдім ақыры…»  аталымдары бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Жайылма ауылдық округінен Ж. Қозыбағаров жеңіп алды, 2-орынды Жаңатас қаласының тұрғыны О. Қоңырбеков, 3-орынды саудакенттік Р. Жұмабаева иеленді.

Мойынқұм

Осы жылдың 6 айында барлығы 797 шағын кәсiпкерлiк субъектi құрылымдары тіркелген. Оның толықтай және iшiнара жұмыс iстеп тұрғаны  654. Құрылымдар 6 айда 325,0 млн. теңгенің өнімін өндірген. 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,0 % құрап,  12,6 млн. теңгеге артып отыр. Бюджетке 42,1 млн. теңге салық кірістеліп, былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда  2,9  млн. теңгеге артты.

Талас

І. Жансүгіров атындағы орталық кітапхананың  ұйымдастыруымен  Абай Құнанбаевтың  туғанына – 170 жыл толуына орай «Адамзаттың Абайы» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Онда қала мектептерінің бір топ оқушылары ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, әндерін орындады.   Кеште  қаламгер С.Әбсадықұлы Абайдың өмірі туралы сөз сөйлеп, оқушыларды Абай мұрасын  құрметтеуге шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support