Құлықсыздығы қайран қалдырады

Құлықсыздығы қайран қалдырады
ашық дереккөз
Құлықсыздығы қайран қалдырады

Газетіміздің үстіміздегі жылғы 30 маусым күнгі санында жарияланған «Баланы жастан...» атты мақаланы оқып, ойға қалдым. Мен де қоғамымызда осындай келеңсіздіктердің көбейіп бара жатқанына қынжыламын. Өзім қаладағы жаңадан соғылған көп қабатты үйлердің бірінде тұрамын. Мұнда алғаш қоныстанған күні қоңсыластарыма «Аулаға әр отбасы бір-бірден алма ағашының көшетін отырғызайық, уақтылы суарылуын мен мойныма алайын» деп ескерттім. Алайда ұсынысымды құлағына ілген біреуі болмады. Қарсы пәтердегі көршім екеуміз екі түп алма тал тіктік. Міне, үшінші жыл болды, ол жеміс беріп тұр. Бірақ көршілердің балалары жемісі бұршақтай болғаннан бастап үзіп жеп, пісуге жеткізбейді. Қанша айтсақ та, ата-аналары балаларына «қой» демейді. Мен биыл болмашы зейнетақымнан жырып, тағы да төрт түп алма көшетін сатып әкеліп, көршілеріме бір-бірден таратып бердім. Біреуі бір күрек басып «тастақ екен» деп тастап кетті.  Ер жеткен баласы да шұқылап түк өндіре алмады. Қалған екі көршім «уақытымыз жоқ» десті. Амал жоқ, көшеттің бәрін өзім тіктім. Қазір жапырақ жайып, балақтап өсіп тұр. Бірақ баяғы сол балалар бұтағын қайта-қайта сындырып кетеді. Осы жайларды көре-біле тұрса да, әке-шешелерінің ешқайсысының да балаларына «олай етпеңдер» деп ескертіп жатқаны жоқ. Олардың балаларына жасынан дұрыс бағдар беріп, тәрбиелеуге  деген құлықсыздығы мені қайран қалдырады.

Рахымжан БӨЛЕКБАЕВ, зейнеткер. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар