Бюджеті 19 млн доллар болған Қытайдың атақты телехикаясын «Қазақстаннан» көруге болады (ФОТО)

Бюджеті 19 млн доллар болған Қытайдың атақты телехикаясын «Қазақстаннан» көруге болады (ФОТО)
ашық дереккөз
Бюджеті 19 млн доллар болған Қытайдың атақты телехикаясын «Қазақстаннан» көруге болады (ФОТО)

20150717113326Жаңа телемаусымда Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс» атты хикаясы қазақстандық экраннан көрсетелетін болады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен. «Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $.», делінген хабарламада. 20150717113332Хикаяда 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер бар. Дәл осы хикаяда Қытай халқының әйгілі шай ішу салты көрсетіледі. Сериал 18 ғасырда жазылған шығарма желісімен түсірілген. 20150717113354Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді. Телехикаяны 3 тамыздан бастап, сағат 19.35-те дүйсенбі-жұма күндері аралығында «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады.

Ұқсас жаңалықтар