Қазақстандықтар Конституция күнінде неше күн демалады

Қазақстандықтар Конституция күнінде неше күн демалады
ашық дереккөз
Қазақстандықтар Конституция күнінде неше күн демалады

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі AlmatyNews агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР электрондық үкіметінің мәліметінше, мемлекеттік мереке биыл демалыс күніне сәйкес келеді. Сондықтан Конституция күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн - тамыздың 29, 30 және 31-і демалады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетiнiң Ата заңы. Ол 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу, яғни бүкiл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар