Жамбыл медициналық колледжі базасында ашылды
Медициналық құрылғылар күн санап жаңаруда. Сапасы жоғары, саны да, түрі де көп. Соған сәйкес сала мамандарының біліктіліктерін жетілдіру және қайта даярлау мәселесі туындаған еді. Жамбыл медициналық колледжі базасында аймақтық бірегей стимуляциялық орталық ашуға осындай қажеттілік түрткі болғаны анық. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов өңіріміздегі денсаулық сақтау саласы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерге сәйкес дамытылып, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайтылу үстінде екеніне, тұрғындардың медициналық және демографиялық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің оң динамикасы байқалатынына тоқталды. – Бүгінде оң көрсеткіштерге де қол жеткізіп отырмыз. Өңірімізде бала туу көрсеткіші 1,8 пайызға артса, өлім-жітім 5,4 пайызға төмендеді. Жалпы, салаға 33 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Биыл, сондай-ақ екі жүз орындық облыстық перинаталдық орталық пен үш жүз орындық қалалық аурухананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Медициналық білім беру жүйесіне оқытудың стимуляциялық әдістерінің енгізілуі мамандар даярлау деңгейіне оң ықпал етеді, медициналық көмек көрсету сапасы мен емделушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді деп сенемін. Орталыққа қажетті қондырғыларды сатып алу үшін облыстық бюджеттен 51 миллион теңге бөлінді, – деп атап өтті Ерқанат Нұрбапаұлы. Бұдан соң орталықтың лентасы қиылып, облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов заманауи тренажерлермен, манекен және стимуляторлармен жабдықталған орталықты аралап көріп, жұмыс үдерісімен мұқият танысты. Өңірлік стимуляциялық орталықта студенттер ғана емес, жыл сайын медицина қызметкерлері оқып-үйреніп, тәжірибелік машықтарын жетілдіретін болады. Ең бастысы, мұнда оқыған маман «алтын сағатта» науқасқа қалай жедел көмек көрсетілетінін үйренеді. Нақтырақ айтсақ, олар өздерінің білімі мен біліктіліктерін тәжірибе жүзінде төрт клиникалық стансада көрсете алады. Сырқатқа анафилактикалық шок, жіті коронарлық синдром, жүректің кенеттен тоқ, яғни, жүрек-өкпе реанимациясы, жоғары тыныс жолдарының жіті өткізбеушілігі жағдайларында көмек көрсетудің жолдарын оқып-жаттығады. Оқып-үйренушілер үшін қажетті компьютерлі робот-стимуляторлар сатып алынған. Осы роботтар арқылы мамандар түрлі жағдайда бастапқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді. Бір сөзбен айтқанда, стимулятор көп функциялы. Оның көмегімен нәрестеге де, анаға да алғашқы жәрдем көрсету жолдарын үйренуге болады.
Толқын ӨМІРБАЕВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.
Суретті түсірген Алтынбек Қартабаев.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді