Жазушы жастармен кездесті

Жазушы жастармен кездесті
ашық дереккөз
Жазушы жастармен кездесті

SAMSUNG CAMERA PICTURESАғымдағы жылы мерейлі 70 жасқа толғалы отырған жерлесіміз, қаламгер Елен Әлімжанмен қалалық кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында «Қаламы қарымды қаламгер» атты кездесу кеші өткізілді. Жазушының қаламынан туған шығармалар жан-жақты қаузалған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездесу барысында кітапханадағы «Дарын» әдеби клубының мүшелері Фариза Безкей, Аққу Бердібекова, Аида Айтан жазушы ағаларына жүрекжарды жырларын арнаса, студент Қымбат Омарова жергілікті ақын Шырын Мамасерікованың «Ағалар» өлеңін оқыды. Кітапсүйер оқырмандар жазушының сыршыл шығармаларымен танысып, әсерлерімен бөлісті. Кеш сазды әуенмен, әнмен әрленді. Студент Әйгерім Жолдасова, «Далада қалған Далабай» атты шығармасынан үзінді оқыды. Кітапханашылар «Туған елдің – талантты перзенті» кітап көрмесін ұйымдастырып, С.Жолдыбаева, А.Әлімқұлова, Г.Мергенбаева жазушының «Тақталас», «Көріпкел», «Толық адам туралы» шығармаларына библиографиялық шолу жасады. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты қалалақ кітапханалар жүйесінің директоры Роза Алибекова және «Болашақ» колледжі директорының орынбасары Әбдікәрім Әбдімомынов қаламгердің шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді. Кешті ұйымдастырушылар естелік сый-сияпат табыстады. Кітапхана меңгерушісі Раушан Манкентбаева мұндай шаралар алдағы уақытта да өткізілетінін айтты. Жазушы-драматург Елен Әлімжанға қойылған «Шәкірттеріңіз деп кімдерді айтар едіңіз?» деген сауалға ол: «Мен енді жастарға ақылымды айтып, кеңесімді бердім екен деп, сыртынан шәкіртім санасам, ол мен туралы ондай ойда болмаса ыңғайсыз ғой. Бірақ, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Ерлан Жүніс мені ұстазым деп жүр. Жалпы, жастарға пікірімізді айтып тұрамыз. Кезінде айтыс өнері өңірімізде тұралаған шақта оның жандануына да қолымыздан келгенше ықпал еткенбіз», – деп өз ойын ортаға салды.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар