Брэйк-данс биінің байқауы

Брэйк-данс биінің байқауы
ашық дереккөз
Брэйк-данс биінің байқауы

Тараз қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе брейк-данс биі байқауын ұйымдастырды. Жамбыл жерінде осымен үшінші рет өткізіліп отырған бұл іс-шара баламалы хореография – брейк биі дәстүрін жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтының пәрменді бір құралы ретінде кеңірек насихаттап, дамытуға ықпал етуді көздейді. Бұл жолы қатысушылар байқаудың шарттары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара би сайысына түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 7-14 жас аралығында Данил Ковалев, үлкендер арасында Алматы қаласынан келген Павел Ким, ал қос-қостан өнер көрсеткендер арасында Павел Ким мен Ергаш Гапуровтың жұбы І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Би бәсекесіне көптеген республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, алматылық би-бой Алекс төрелік етті. Жарысқа Ташкент, Алматы, Шымкент қалаларынан жеті өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Мариям ЖАҚСЫБАЕВА, қалалық Мәдениет үйі жастар мен жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар