Қытайлық Гао Бинго 1 миллион 100 мың араны денесіне қондырды

Қытайлық Гао Бинго 1 миллион 100 мың араны денесіне қондырды
ашық дереккөз
Қытайлық Гао Бинго 1 миллион 100 мың араны денесіне қондырды

Қытайда омарташы Гао Бинго 1 миллион 100 мың араны денесіне түгел жабыстырып, әлемдік рекорд  орнатты.  Денесіне араны неғұрлым көбірек қондыру үшін ол көмекке өзге де омарташыларды шақырған.  Сонымен қатар, 12 аналық араны пайдаланған.

Қытайлықтың  айтуынша, аралар адамның денесінен шығатын жағымсыз  иісті бірден сезеді. Сондықтан ол рекорд орнатпастан бұрын мұнтаздай болып жуынған.

Қауіпті шара барысында Гао Бинго, тіпті, темекі шегіп отырған. Рекорд тіркелгеннен кейін омарташы аралар екі мың жерінен шаққандықтан, бірден мұзды су құйынып, жуынған.

Ақ жол ақпарат

Ұқсас жаңалықтар