Табиғат заңы

Табиғат заңы
ашық дереккөз
Табиғат заңы
Мына әлем долы, Ұйытқыған дауыл Ақ шаңдақ. Құйын да жетті, Асау ат сынды қақшаңдап. Булығып бұлт та, Қамығып бетін басады Жанарынан қара жерге жас парлап. Жасын да кенет, Тұрғандай көкті тілгілеп. Басылды жауын, Тоқтады долы мұңды леп. Жиекте енді, Атой сап шықты шырақ күн, Шырайы кіріп, шуағын шашып, үлбіреп!

Аян Қуат, оқушы.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар