2005 жылы Индонезияда цунами апаты болған кезде бүкіл мешіттер аман қалды. Айналасында бірнеше шақырымда бір терек қалмағанда Банда Ачех қаласындағы ақ мешіт аман қалған бір ғана ғимарат еді. 1999 жылдың 17 тамызында Түркияда болған жер сілкінісі мыңдаған адамның өмірін қиды. Сол жерде Стамбулдағы Сүлеймен мешіті дір еткен жоқ. Қытай елінде 1931 жылы болған тасқын 4 миллион адамды жұтты. Алайда, Сянь үлкен мешіті де бұл зұлматтан аман қалды. Алысқа бармасақ та 1910 жылы Талдықорған аймағында үлкен жер сілкінісі болды. Сол апаттан қираған үйлердің ортасында Жәркент мешіті қасқайып тік тұрды. Дүние бүлініп жатқанда мешіттерге кімнің мейірі түсті екен? Түрлі топан су, жер сілкінісі, өрт, дауыл болған кезде мешіттер дін аман қалатыны қалай? Әрине, бұл бір Алланың адам баласына ескертуі. Бұл аз десеңіз 2005 жылы Шриланка мен Оңтүстік Азияға лап қойған тасқынды ғарыштан түсірген ғалымдар таңқалып, жағаларын ұстады. Өйткені, жағаға жақындаған алып толқындардан араб тілінде «Алла» деген жазуды оқуға болатын еді. Сол Азия құрлықтарында алып тасқындар болған кезде көптеген мұсылмандар бұл Алланың жіберген зұлматы, өйткені жағажайларда адамдар иманнан жұрдай болып, Құдайын ұмытқан, шариғат талаптарының аяқасты болғандығынан еді дейді.Жалпы жер сілкінісі, топан су, табиғи апаттар иман азайып, адамдар азғындаған жерлерде болады дегенді жиі естиміз. Мұның бәрі Алланың ескертуі ма екен? Асылбала АЛТАЙ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді