Ең күрделі ғылым – адамзат немесе өзіміз жайлы не білеміз?
- author «Ақ жол»
- 16 мамыр, 2015
- 389
Басқа тіршілік иелерін зерттегенмен, адам өз-өзін әлі толық бағамдай алмаған. Мұндайда «әлемдегі ең басты құпия – өзіміз» деген ғалымдар пікірі рас-ақ. Ендеше, сол ешбір өлшемге сыймайтын, ешқандай формуламен шешілмейтін, бір ғана пайыммен түйінделмейтін адамзат жайлы ең қызықты фактілерді назарларыңызға ұсынамыз. 1. Жер шарындағы барлық адамзатты қыры 1000 метрлік текшеге емін-еркін сыйдыруға болатынын білесіз бе? 2. Әр мың жыл сайын 43 ұрпақ ауысып отырады деген тұжырым бар. 3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштеріне сәйкес, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 80,2 жасты, әйелдерде 85 жасты құрайды. 4. Болашақта ол 90 жастан аспақ. 5. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы былтыр орта есеппен 69 жас 9 айды құраған. 6. 2015 жылдың соңына қарай ол 70,4 жасқа дейін жетеді деп күтілуде. 7. Ал 2020 жылға қарай халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін өседі деп болжанған. 8. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының топшылауынша, 2012 жылы туылған қыздар 73 жасқа, ұл балалар 68 жасқа дейін өмір сүре алады делінеді. 9. Әлемде тек 7 пайыз солақайлар бар. 10. Оңқайлар солақайларға қарағанда орташа есеппен 9 жыл ұзақ ғұмыр кешеді. 11. Адам – барлық тіршілік иесінің ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз жаратылыс. 12. Бес күндік жалғанның шамамен 2 аптасы бағдаршамда бөгелумен кетеді. 13. Адамзаттың 60 жасының 20 жылы ұйқымен өтеді. 14. Ағзамыз аштыққа бірнеше апта шыдай алғанымен ұйқы алдында дәрменсіз. Өйткені, шамамен 10 күн бойы ұйқы көрмеген жан ажал құшады. 15. Ұйқыдан тұрғанда көрген түсіміздің 90 пайызын ұмытып қалады екенбіз. 16. Еркектердің бойы 130, әйелдер 120 сантиметрден төмен болғанда ергежейлі саналады. 17. Ас ішектің ұзындығы тірі кезде 2,5 метр болса, жан тапсырғанда 6 метрге ұзарады,.. 18. ...Тіпті тәннің өзі де созылатын көрінеді. 19. Адам өз салмағының 1 пайызына тең суды жоғалтқанда шөлдейді. 5 пайыз болса, талықсиды. Егер ол 10 пайыздан жоғарыласа, өліп қалу қаупі туады. 20. Тірі жасушалардан бөлініп, денедегі зат алмасуын реттеп тұратын күрделі органикалық зат ферменттің саны денемізде 700-ден кем емес. 21. Адам ДНҚ-сында шамамен 80 000 ген болады. 22. Күніне бір қорап темекі шегетін шылымқор жылына жарты кесе шайыр ішкенмен тең. 23. Ағзамызда 2000 дәмдік рецептор бар. 24. Адамзаттың ең күшті бөлігі – шаш. Археологтар осыдан мыңдаған жыл бұрын жерленген мумияларды тапқанда, олардың қаңқаларымен қоса шаштары ғана сақталғанын көрген. 25. Ұшақпен ұшу кезінде шаш 2 есе тез өседі екен. 26. Орта есеппен алғанда, өмір бақи өскен шаш ұзындығы 725 шақырымды құрайды. 27. Сары шаштылардың сақалы қара шаштыларға қарағанда жылдам өседі. 28. Орта есеппен алғанда, адамның басы шамамен 3,6 килограмм салмақты құрайды. 29. Бойымыздағы жылудың 80 пайызы басымыздан шықса,.. 30. ...Мидың 80 пайызы судан құралған. 31. Ағзадағы осы бір ең басты бөлшектен шыққан жүйке импульсінің жылдамдығы – 274 км/сағ. 32. Бір күндегі мидың шығарған электр импульсі, әлемдегі барлық телефондардың шығаратын импульстерінен асып түседі. 33. Әрбір секунд сайын бұл мүшеде 100 000 химиялық реакция жүреді. 34. Адам дүниеге келгенде миында 14 миллиард жасуша болады және бұл көрсеткіш жан тапсырғанша ұлғаймайды... 35. ...Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мың жасушадан азайып отырады. Кітап бетін оқуға кеткен бір минут ішінде шамамен 70 жасуша өледі. Ал 40 жастан кейін мидың қартаю процесі өте тез жүріп, 50 жастан соң нейрондар (жүйке жасушалары) солады да, оның көлемі кішірейе түседі. 36. Жалпы мидың сыйымдылығы 4 терабайттан асады. 37. Ал ғұмырының соңына дейін адам орта есеппен 150 триллион бит ақпаратты есте сақтайды екен. 38. Ағзадағы өте ақылды мүше – асқазан. Өйткені, ол мидың араласуынсыз-ақ қызмет ете береді, сонымен қатар... 39. ...Адам қызарғанда, оның асқазаны да қызарады. 40. Сәби денесінде 300-дей сүйек болса, есейгенде олардың 206-сы ғана қалады. Дайындаған Альмира Омарова.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді