Ауылдың айтқыштары

Ауылдың айтқыштары
ашық дереккөз
Ауылдың айтқыштары
«Неприятный» звонок Бірде мен, ТарМУ-дың әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы Афлатунов, Жас-өркен лагері­нің меңгерушісі Өмірбек үшеуміз, аула ығында күндегі­дей жұмыс барысында әңгімелесіп тұрғанбыз. Афлатунов мырза қарамағында істейтін Өмірбекке: – Сен кеше жұмыста болмадың ба? Телефон шалып ала алмадым ғой, – деп, өзінің ренішін білдіргені сол еді, (Өмірбек – сәл аңғалдау жігіт) Өмірбек телефонын шұқып тұрып: – Е, бәсе кеше бір «неприятный» звонок болыпты ғой, қазір көріп тұрмын, – деп кідірмей жауап беріпті... «Павлик» Компьютерлік жүйеде «public», қызметкерлер арасында «павлик» деп аталып кеткен. Ол – бүкіл ақпараттар легі тоғытылған жүйе. Жоғары оқу орнының басшысы, үлкен бір жиында қарамағындағы қызметкердің бірінің жұмысына реніш білдіріп, бұлқан-талқан болып, ұрсып жатса керек. Анау тұрып: – Басеке, бір-екі күннен бері «павлик» істемей, ақпараттарды толық жинай алмадым, – деп ақталған сыңай байқатады. Мәселенің байыбына бара қоймаған басекең: – Әй, жұмыс жасамайтын ондай бездельникті неге ұстап жүрсің, шығар жұмыстан, – деген екен. Шақырбай Бір жоғары оқу орнының басшысы мазасыздау болыпты. Қарамағындағыларды қайта-қайта шақырта берсе керек. Әбден мезі болған қызметкер қабылдау бөлімінде отырған шақыртушы келіншектің екіқабат екенін біліп: – Сен ертең аман-есен босанып, ұл тапсаң атын Шақырбай, қыз тапсаң Шақыргүл қой деп, қалжыңдаса керек. Күндердің күнінде әлгі келіншек босанып, қол-аяғын бауырына алған соң, кішкентайын ертіп циркке барса, сол жерде баяғы қызметкер де жүр екен. Амандық-саулықтан кейін әлгі келіншек: – Ағай, мынау өзіңіз атын қойған Шақырбай ғой, қазір үш жасқа келді, – деп қалжыңдапты. «Еруліге қарулы» деген осы да.

Ұқсас жаңалықтар