6 000 000 теңге

64

балаларға арналған үздік шығармаларға беріледі

Осы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларға арналған үздік шығармалар арасында X халықаралық «Дарабоз» бәйгесі бастау алғаны туралы Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – қаламгерлер шығармаларын бұрынғыдай лақап атпен емес, өз аты-жөндерімен және екі тілде (қазақ, орыс), үш түрлі жанр (поэзия, проза, ертегілер) бойынша ұсына алады.
Ақын-жазушыларды балалар тақырыбына тартуға «Бауыржан» қайырым­дылық қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы тікелей ұйытқы болып, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы қаржылай демеу көрсетпек.
Балаларға арналған шығарма­шылық байқаудың бас жүлдегері – 1 миллион теңге иеленсе, бірінші орын алған 2 үздік қаламгерге – 700 мың теңгеден, екінші орын алған 2 адамға – 300 мың теңге, үшінші орын алған 3 адамға – 200 мың теңгеден бұйырады.
Жалпы, байқаудың жүлде қоры 6 миллионды құрайды. Жүлдегерлерден қалған қаражат жеңімпаз шығармаларды жинақ етіп шығаруға жұмсалып, бұл кітаптар мектептердің кітапханаларына тегін таратылмақ.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support