Қыр төсінде қозылар көбейіп келеді

Қыр төсінде қозылар  көбейіп келеді
ашық дереккөз
Қыр төсінде қозылар көбейіп келеді

GE DIGITAL CAMERAАса өзенінің бойындағы Қаратөбе, Еспе, Ақсай, Қосқызыл көктеулеріндегі отар-отар мал көзге сүйініш, көңілге демеу. Мысалы, Үшарал ауылына қарасты Бурабай маңында 4 отар саулық төлдетілуде. Оның екеуі «Мырзатай» шаруа қожалығына қарайды.

Сәуір айының басынан екі отардағы саулықтар төлдей бастады.

– Баяғыдағыдай міндеттеме жоқ, – дейді шаруа қожалығының малшысы Оспан Жуасбеков. – Оның үстіне қазақы қой, негізінен, жалқыдан төлдейді. Сондықтан қозылары ірі, төзімді келеді. Малшы аз уақыт ішінде жүзге тарта саулықтың төлдегенінен хабардар етті. Өлім-жітімі жоқ, шетінен аяқтаныпты. Шаруа қожалығы малшыға айына 70-80 мың теңге мен бір бас сойыс малын төлейді, ал сақпаншының алар айлығы – 40-45 мың теңге. Сақпаншы Сұлтан Сактаев – мал бағудың қыр-сырын меңгерген азамат. – Мен қару-жарақ, әшекей бұйымдар жасайтын әулеттің баласымын. Бірақ маған салт атқа мініп далада жүріп, қой баққан ұнайды, – дейді ол. Сонымен, көктеудегі қой төлдеу науқаны басталып кетті. Ақсайдың төсі қой мен қозыға толып, «Жайлаудың сәні – төлімен» деген сөз ақиқатқа айналсын!

Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».

Үшарал ауылы, Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар