Наурыз - сақтардан жеткен мереке ме?

Наурыз - сақтардан жеткен мереке ме?
ашық дереккөз
Наурыз - сақтардан жеткен мереке ме?
Навроз – бұл парсы тілінен алғанда мағынасы нав – жаңа, роз – күн болып шығады екен. Демек, жаңа күн деген мағынада. Қазіргі тарихшылардың біразы наурыздың шығу төркінін парсы жұртынан тараған дегенді алға тартады. Бұл – қате пікір. Біздің айтпағымыз – ежелгі сақтардан бастау алады. Ендеше, өз пікірімізді ортаға салып көрелік. Наурыз қос сөзден тұрады, алғашқы нау деген не мағына береді? Қазақта науа деген сөз бар. Оның мағынасы науадай құйылды, науа болып тасып келіп жатыр. Бұл деген зор молшылық, рыс деген мағынада. Ал екінші сөзіміз «рыс» оның бастапқыда рыс, бертін рыз болып аталуы мүмкін. Рызық – нәсіп мағынасында, сонымен наурыз - мол-рыс, нәсіп мағынасында болып шығады. «Ақ мол болсын, рыс мол болсын» деп наурыз күні жұрт бір-біріне тілек айтып көрісуі осыдан. Сақтар сонау б.д.б. ІХ-Х ғғ. аралығында бірнеше ірі тайпаларға бөлінеді. Солардың бірі Массагеттер Каспий теңізі мен Арал теңізінің жағалауы, Иран, Ауғанстан қазіргі Тәжікстан аумағына қоныс аударып, жергілікті байырғы тұрғындармен етене араласып кетеді. Сол өңірде Наурызды атап өту массагет-сақтардан барған. Парсылардың жаңа күн деп атауы сондықтан болуы мүмкін. Сонау б.д.б. ІХ ғ. сақ дәуірінен бүгінге дейін сақталып келген таңбалы тастардағы (петроглиф) тасқа ойып қалдырған мына суретте не өрнектелген? Бірінші, суретте күнің бейнесі мен планеталар ортасындағы жердің кескіні көрсетілген. Екінші, суретте бүкіл аспан әлемі, күн және оның айналуы, сыртындағы самсаған жұлдыздар, ең кішкене диск жер оның өз шеңберіндегі тәуліктік айналуы, планеталар бейнеленген. Демек, алғашқы сақтар, күн жүйесімен аспан әлемі, жер және планеталар құпиясын жетік білген. Сақтар 27 ғасыр бұрын сол дәуірде өркениетте алдарына жан салмаған озық халық болған. Ендеше, 22 наурыздағы күн мен түннің теңелуін алғашқы есептеп шығарған сақтар болғаны дау туғызбаса керек. Бүкіл түркі тілдес, парсы тілдес халықтардың ішінде тап қазақтардай Наурызды ерекше құбылтып сән салтанатпен атап өтетін ұлыс жоқ. Олар – ата салтына, дәстүріне берік халық. Қазақтардың Наурызды тым әріде қалай қарсы алуы туралы нақты көрініс Қарғалыда табылған ескерткіште бейнеленген. 1939 жылы Алматы маңында аңшылар кездейсоқ, өте құнды 370 дана түрлі алтын әшекей бұйымдармен жерленген, әйелдің қорғанына тап болады. Қапсырма, сырға, жүзіктер, түйе бейнесі салынған мөр, басқада түрлі сәндік бұйымдар бар. Соның ішіндегі ең бағалысы әйел сәукелесінің маңдайшасы (диадема). Бұл жөнінде белгілі археолог К.Акишев былай дейді. «Прекрасным образцом древнеусуньского и ювелирного искусства является знаменитая «каргалинская» диадема» (Акышев, Алматы, 1979 г. стр. 2). Каргалинский клад содержал серию изделий из золота, анализ сюжета каргалинской диадемы, принадлежавшей усунам и датированный ІІ в. до н. э. (Байпаков, Алматы, 2006 г. стр. 168). Енді осы Қарғалыдан табылған әйел сәукелесінің (диадема) сюжетіне қараңыз. Бірінші: белгісіз қанатты құбыжық жануардың үстінде оның мүйізінен нық ұстаған бозбала төңірегіне мереке басталғанын хабарлап шауып келеді. Екінші: тақ үстінде тұрған қанатты жылқы. Жылқы болса да оны піріндей сыйлап, оған көрсеткен ерекше құрмет. Үшінші: жылқы үстіндегі салт жігіт айналасына қолын сермеп қуанышты хабарлар жеткізуде. Төртінші: Жас жігіт белгісіз жануардың үстінде кері бұрылып қос қолында сыбызғы-сырнай, көкке қарап жыр төгіп келеді. Бесінші: ат үстіндегі той бастар жігіт, аузында қамыстан жасалған сыбызғы-сырнайы, қолдарымен би өрнектерін көрсетіп билеп келеді. Жоғарыда ұшып жүрген құстар, жердегі мәз-мейрам болған хайуандар кейпіндегі қуаныштарға қарағанда, мұнда Наурыз мерекесінің толық бейнесі көрсетілген. Міне, Наурыз мерекесін 22 ғасыр бұрын халқымыз қалай қарсы алып, қалай тойлайтын болғанын, қиыннан қиыстыра білген хас шебер, қаз-қалпында жеткізе білген. Ендеше, Наурыз – атадан мирас, қазақтың төл-мерекесі. Наурыз құтты болсын, береке, ырыс дарысын!

Қалмақан Шекеев, тарих зерттеушісі.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар