Деген екен...

Деген екен...
ашық дереккөз
Деген екен...
Ахмет пен Ғазиза Профессор Ахмет Жұбанов пианино­да ойнап отырса, қызы Ғазиза келіп: – Осы тұстағы нотаны ылғи қате аласыз, – депті. Сонда Ахаң пианино ойнауды тоқтатып, қызына бұрылып: – Қызым-ау, сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой, – деген екен. Тапқыр жауап Латиф Хамиди әзілкеш, ашық-жарқын кісі еді. Бірде көшеде кездескен композитор ағайға Мұзафар Әлімбаев: – Латеке, денсаулығыңыз қандай? – деп сәлемдесіпті. – Өткендегімен салыстырсам онша емес, ал келешектегімен салыстырсам, құдайға шүкір, – депті сонда 75 жастағы Хамиди. «Абайлап жүрміз» Республикалық ақындар айтысын тамашалап шыққан күйші Шәміл Әбілтаев белгілі айтыс ақыны Манап Көкеновке кезігіп сәлем береді. – Мәке, қалай жақсы жүріп жатырсыз ба? – дегенде, Манап айтыста жастардың жарқырап шыққанын меңзеп: – Баяғыда давайлап жүруші едік, енді абайлап жүрміз!-деген екен. Пьеса болып кете береді Бірде Қалтай Мұхамеджановқа біреу: – Қалеке, проза неге жазбайсыз? Әсілі, талаптанып көрдіңіз бе? – деп сұрапты. – Көрдім. Бірақ пьеса болып кете береді, – депті Қалекең.

Ұқсас жаңалықтар