Көкесі мен інісі

Көкесі мен інісі
ашық дереккөз
Көкесі мен інісі

– Әлө... әлө... Үсенәлімісің? – Бұл кім, әй? – Бұл кімің не? Танымадың ба? Тағы да сен, күшік. «Екі жүзді» қағып алдың ба? Асқазаның сиырдыкі ме, немене? Әй, осылар, ішпей жүрсе өле ме?! – Сіз кімсіз? – Міне, осылай демейсің бе? Бұл көкең Танабай! Осылар қалаға көшсе, Кісіні, қалады екен танымай. – Не айтасыз, көке? – Тыңда, бала! Жақында қалаға барамын, Екі-үш сөмке ала барамын. Соны толтырып қайтуға, қаржы аздау, Ақшадан қарасқын. –Кө... көке, не дедіңіз!.. Шынымды айтайын, Мына ініңізге сеніңіз. Ақшаның мен, Бетіне қарамаймын ғой, Бар болса, Аямаймын ғой. Қазір, базарда баға «у», Елдің бәрі шу. Нанға зорға тиын табамыз, Әйтпесе, күнде сұрап жатқан жоқ, Өзіңіздей ағамыз. –...! – Иә, айтпақшы, Қалада екі бірдей Темір қорытатын зауыт бар. Бір машинаға темір артып, Сол зауытқа алып бар... – Жақсы темірдің бәрін, Қытайға артып жіберткенбіз. Жұмыс жоқ кезде Темір сатып күнелткенбіз. Қалған-құтқан қаңылтыр бар. Оның қайбір салмағы бар? – ...! – Одан да үйдегі малдың, Ішінде екі-үш бойдағы бар, Соны апарсам, пұл бола ма? Жоқ, базарда ешкім сұрамай, Басыма сор бола ма? – О-о... малыңыз семіз бе еді? Мұныңыз енді жөн іс тегі. – Ә, семіз мал жақсы өте ме? – Өтеді, өткізуге тыры­сармыз, Делдалдармен ұрысармыз. Болмаса, Ауылға қайта әкетпейсіз ғой, Бір амалын табармын. Арзандау бағаға, Өзім-ақ алармын! Рысқали Өміржанұлы.

Қаламаңы ауылы, Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар