«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мал ұрлығы: малшы мен сақшының пікірі екі түрлі... кімдікі дұрыс?

Мал ұрлығы: малшы мен сақшының пікірі екі түрлі... кімдікі дұрыс?
Ашық дереккөз
Қазақтың төрт түлік малсыз күні жоқ. Қазір ауылдағы жұрттың үміт күткені қорадағы аздаған малы. Бала-шағасының барлық қажетіне осы төрт түлік мал жарап тұр. Ал енді малды бағудың бейнеті өз алдына бір бөлек, қарапайым тұрғындардың адал малының ұрлануы азаймай тұр.

Талас ауданы, Аққұм ауылының азаматы Ілияс Отаров редакциямызға қоңырау шалып, мал ұрлығының тыйылмай тұрғанын, керісінше төрт түлігі қолды болғандар саны күннен күнге артып отырғанын айтты. Біз Таластағы мал ұрлығы туралы бұрын да жазғанбыз. Содан бері тірліктің беті бері қарамағаны ойға қалдырды.

«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бекерден бекер шырылдамаймыз ғой. Ұрлық тыйылмай тұрған соң алаңдаулымыз. Кейінгі жылдары осы Аққұм ауылының өзінен 40 бас ірі қара жоғалды. Кейінгі үш жылда үш үйір жылқы қолды болып отыр. Айтылған уақытта ауданнан бір-екі полиция өкілі келеді. Оларды машинамен алып жүресің. Бірақ табылып жатқан жылқы жоқ», – дейді ауыл тұрғыны Әлімхан Далбақов.

Далбақовтың сөзін ауылдасы Ерлан Шопанбаев та растады.

«Ауыл тұрғындары бекерге шырылдай ма? Жемін, шөбін беріп бағып, әне-міне пайдама жаратамын деп отырған малы қолды болған соң күйініп айтады. Жоғалған малды іздеу үшін өзің көлік табасың. Полиция өкілі бірге жүреді. Сол жоғалған 20 бас жылқыны іздеймін деп жүргеніңде бір жылқының құнындай шығын кетеді. Оны да ойлап жатқан ешкім жоқ. Шығындалып іздегенде табылып жатқан мал тағы жоқ. Біздегі жағдай міне, осылай болып тұр. Жақында мал ұрлап жүрген үлкен қылмыстық топ құрықталды. Енді осы жағдайдан кейін мал ұрлығына тыйым бола ма деген үмітіміз бар», – дейді ол.

Біз осы орайда Талас аудандық полиция бөлімінің басшысы Еркен Абаевпен де тілдескен едік.

Оның да айтар уәжі бар.

«Ауданымызда мал ұрлығы мүлдем жоқ деп айта алмаймын. Мал ұрлығы бар. Бірақ біздің аудандық полиция бөлімі де аса жауапкершілікпен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, малы ұрланған кісілер біздің қызметкерлерді құр қарап жүргендей көреді. Мал ұрлығы дегеннің өзі аса күрделі қылмыс. Ұрылар өрістен ұрлайды. Қараусыз жатқан жылқыны алдымен қолды қылады. Ол айдаладағы өрісте бейнебақылау жоқ, куәгер жоқ. Осы жағы бізге қиынға соғады. Оның үстіне малдың иелері жылқыларын көлдің табанына айдап қойып, аптасына бір рет ғана түгендеп тұрады. Ол аралықта жылқы қайда кетпейді. Жылқысын 8 күн бойы қарамай кетіп, ұрлатып алады. Ұрланған малын тағы 4 күн өздері іздейді. Бізге хабар айтпай. Бізге 12 күн өткен соң, хабар айтатын мал иелері де бар. Өзіңіз айтыңызшы, 12 күнде ұрланған мал қайда кетпейді? Шетелдің базарларына сатылып кететін уақыт қой. Бізге дер кезінде хабарлаған кісілердің малын тауып беріп жатырмыз. Ал Аққұм ауылынан Дидар Мұсабеков деген кісінің 20 бас, Бексұлтан Жаңбыршы деген кісінің 15 бас ірі қарасы қолды болған. Табылмай тұрған мал осы. Басқа малды шетінен іздеп, тауып жатырмыз. Соңғы уақытта мал ұрлығымен тұрақты айналысып жүрген төрт қылмыстық топты құрықтадық. Бұлар бірнеше жылдан бері қашып, қолымызға түспей жүрген, енді ұсталды. Бірақ ұстау бар да, оларды мойындату бар. Олар өте тәжірибелі ұрылар. Бұрын сотты болғандары бар ішінде. Ал малы ұрланған тұрғындар болса, осы ұсталған ұрылардан малымды өндіріп бер дейді. Ол жағы өте қиын. Одан әрі іс сотқа жолданады. Ұсталған күдіктілердің тағдырын сот шешеді», – дейді ол.

Ал облыстық полиция департаментінің жауапты басқарма бастығы Мақсат Юсуповтың айтуынша, қылмыстың бұл түрі азайып келе жатқан көрінеді.

– Бірінші кезекте, облыс аумағында мал ұрлығының саны жылдан жылға кемуде. Мысалы, соңғы 3 жылда, статистикалық мәліметтерге сәйкес, мал ұрлық фактілері 2022 жылдан 2024 жылдың қорытындысымен 23,2 пайызға, ал қылмыстың ашылуы 52,6 пайыздан 68,8 пайызға жақсарды, яғни, бұрын қылмыстардың тек жартысы ашылса, қазіргі уақытта қылмыстардың 3/2 бөлігін ашуға қол жеткізіп отырмыз. Ағымдағы жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша мал ұрлығының ашылуы 68,8 пайызды құрады. Ұрланған 146 бас малдың 96-ы, яғни Жеңісті жақындатқан әндер әуеледі Біз аталған шаңырақтан береке мен үлгі, өнеге, тұнық тәрбиені аңғардық. Былай Тараз қаласы Облыстық әкімдікте СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕДЕЛДЕТІЛУІ ТИІС 1 Жиында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отырғанын сөз еткен аймақ басшысы өңір халқы мен өндірістік кәсіпорындарды энергиямен тұрақты қамтамасыз ету, энергетика саласына инвестиция тарту назардан тыс қалмауы қажеттігін еске салды.

– Шетелден инвестиция тарту ісін жандандыру, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды қолдау, жүйеге заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуы қажет. Сондықтан жауаптылар жоғарыда аталған мәселелер тұрақты бақылауда болуын күшейту керек. Инновациялық энергетиканы дамыту, жаңартылған энергия көздері бойынша жобаларды уақытылы жүзеге асыру, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шараларды орындау – басты міндет. Бұл бағытта тізімге сәйкес энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру ісі белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері теңгерімдегі электр желілері мен трансформаторлық нысандарды сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын 65,7 пайызы қайтарылды. Келтірілген жалпы залал 58 миллион 830 мың теңге. Жыл басынан бүгінге дейін мал ұрлығын жасағаны үшін 20 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, оның ішінде кәсіби түрде айналысып жүрген 15 адамнан тұратын жеті қылмыстық топ әшкереленді. Мысалы, өткен айда Жамбыл, Талас аудандарындағы мал жайылымдардан бас-аяғы 28 бас жылқыны ұрлаған, үш адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Төрт қылмыс фактілерін жасағаны әшкереленді. Олар ұрланған малды тірідей Түркістан облысындағы Қарабұлақ базарына жеткізіп отырған, бір бөлігін сойып, етін сатқан. Одан бөлек, осы сәуір айында Талас, Мойынқұм аудандарында жайылымнан барлығы 39 бас түйені ұрлаған, 5 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топ әшкереленіп, күдіктілер қамаққа алынды. Яғни биыл қылмыстық топтарды әшкерелеуде жұмыс күшейтілді. Департамент жанында жасақталған арнайы топ жұмыс жасайды, кәсіби мамандандырылған, білікті, білімді қызметкерлер нәтижелі жұмыс істеуде. Дегенмен әр аймақта мал ұрлығымен айналысатын ұрылар табылады. Олар бірінші кезекте қадағалаусыз, қараусыз жүрген малға көз тігеді. Бұл қылмыстың бірден-бір себебі, азаматтарымыздың малды ұзақ уақытқа қадағалаусыз қалдыруы. Мысалы, биыл тіркелген мал ұрлықтардың 77 пайызы, ал өткен жылғы фактілердің 70 пайызы мал жайылымнан ұрланған. Бұл дегеніміз, азаматтарымыз өз әрекетсіздігімен қылмыстың себеп-салдарын туғызады. Осындайда сұрақ туындайды, бір азаматтарымыз малын қарауда ұқыптылық танытып, ақыға малшы жалдайды не болмаса ұжымдасып малын бағады. Ал кейбір кісілер малын жайылымда тастап, айына бір-екі мәрте барып көрсе көрді, көрмесе ол да жоқ, қадағалаусыз қалдырады. Нәтижесінде мал жоғалады не болмаса ұрланады. Әр тоқсан сайын кең көлемді «Мал ұрлығы», «Соғым» атты арнайы жедел-профилактикалық шараларын жүргіземіз. Оның мақсаты – барлық қолдағы күштерді, мүдделі қызмет бөліністерін жұмылдыру арқылы кең көлемді шараларды жүргізу. Тәжірибе көрсеткендей, ұрланған мал базарларға не болмаса ет өнімдерін өткізу орындарына тасымалданады. Тағы да көршілес облыс аумағындағы мал базарларға тасымалдануы мүмкін, бұл Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылындағы мал базары, Шымкент қаласындағы, Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы, жеделдетіп, бұл бағыттағы жұмыстар ұзаққа созылмауы тиіс. Әр ауданның межелі уақыты нақтыланып, жауапкершілік күшейтілсін, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Бұдан бөлек жиында өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды. Бұл ретте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ералы Ақылбеков саладағы жұмыстарға тоқталды. Кейбір аудандарда өрт сөндіру бекетін құру ісі баяу жүргізіліп жатқанын сынға алған аймақ басшысы жиын соңында тиісті жұмыстарды межелі уақытында аяқтау, ерікті өрт сөндірушілердің жағдайын тексеру және өзге де өзекті мәселелер бойынша жауаптыларға арнайы тапсырма берді.

Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы мал базарларға шығу жолдарына тосқауыл жасалынады. Біздің облысымыздың географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты айтып кеткен облыстармен қатар, біз Қырғызстан Республикасымен шекараласпыз. Бұл бағытта біздер Қырғызстандағы әріптестерімізбен, соның ішінде шекаралас жатқан Шу және Талас облыстарының ІІБ-мен өзара әрекеттесу туралы келісімшарт жасастық. Соңғы жұмыс кездесулері 2023 жылы Тараз қаласында және 2024 жылы Қырғызстан елінде ұйымдастырылып өткізіліп, мал ұрлығына қарсы бірлескен іс-шаралар қарастырылды.

Одан бөлек, Шекара қызметі департаментімен тығыз байланыста жұмыс жасалынады. Бірінші кезекте, бұл мал айдап өтуге мүмкіндік беретін, шекара бойындағы осал аймақтарға бақылау орнату, мал ұрлығымен айналысатын тұлғалар және олардың қылмыстық әрекеттері туралы ақпарат алысу және басқа маңызды іс-шаралар пысықталды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен, ветеринария бөліністерімен бірлесіп, шалғайдағы шаруа қожалықтардың жай-күйін зерделеу бойынша 20 ақпан мен 31 наурыз аралығында «Қашар» атты арнайы профилактикалық іс-шарамызды өткіздік, – дейді ол.

Қарап отырсаңыз, полиция өкілдері тарапынан да жұмыс жүріп жатқанын аңғарамыз. Бұл жерде құқық қорғау органын біржола ақтап алудан аулақпыз. Олардың қызметкерлерінің ішінде де жұмысына жауапсыздары кездесуі мүмкін. Тұрғындар да бекерге шырылдамайды. Бірақ полиция өкілдері мал ұрлығының өрісте көп жасалатынын айтып отыр. Яғни, көбінесе қараусыз қалған мал қолды болады. Сырғасы жоқ малға жау көп. Оны танып, дәлелдеу қиын. Сондықтан мал егелері сырғалау мәселесіне де көп көңіл аударғаны жөн. Сонан соң жылқыны өріске айдап салу деген жауапсыздықтан арылуы керек. Жылқыны да қой баққандай қарау керек. Күн сайын қадағалап, жылқының кеткен бағыт-бағдарын біліп отыруы тиіс.

Қалай десек те алдырған албырт. «Құдай сақтанғанды сақтайды» деген сөз бар. Мұса Пайғамбар өзінің замандасына «Атыңды тұса, сосын Аллаға тапсыр» деген екен. Сөз соңында мал өсірушілерге айтарымыз, жауапкершілікті арттырған жөн. Екі шоқып, бір қараған кісінің малы жоғалмайтыны анық. Тағы бір ескеретін жайт – мал ұрлығы көп болатын Аққұм ауылына жауапкершілігі бар жеке учаскелік инспектор тағайындалатын уақыт жетті. Тұрғындардың жанайқайына да құлақ түріп, оң қабақпен қараған дұрыс.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

 

Ұқсас жаңалықтар