
Облысымыз еліміздің химия саласындағы флагман ретінде химия өнімдерінің төрттен бір бөлігін өндіретіні белгілі. Бұл – аймақта 100 пайыз фосфор және 81 пайыз минералды тыңайтқыш өндіріледі деген сөз. Осылайша, химия саласы облыс экспортының 77 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Өңірде 13 миллиард тонна фосфорит қоры бар 48 кен орны орналасқан. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, 2030 жылға қарай облыста жылына бір миллион тоннаға дейін тыңайтқыштардың (суда еритін фосфор тыңайтқыштары) және жоғары бөлінген өнімдердің (глифосат, тамақ, тіс, фармацевтикалық және электрондық класс өнімдері, отқа төзімді материалдар) премиум маркаларын шығаруды жолға қою көзделген.
– Алдағы уақытта облысымыздың химия саласында келесі ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Олар – «Yildirim Holding» кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы, «Eврохим-Қаратау» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысы, «Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит натрий өндіретін зауыты, «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС натрий цианидінің өндірісін екі есеге ұлғайту жобалары. Жалпы, бұл жобалардың құны 710 миллиард теңгені құрайды. Осы бастамаларды іске асыру нәтижесінде салада жаңа өнім түрлері өндіріліп, сонымен қатар экспорт көлемі ұлғаяды, – дейді Аспандияр Мұраталыұлы.
Дамудың келесі перспективалы бағыты – құрылыс индустриясы. Облыста 50 миллион тоннадан астам қоры бар үлкен-Бұрылтау гипсінің ірі кен орны бар. Осы арқылы жамбылдық кәсіпорындар қазақстандық гипстің 87 пайызын және портландцементтің 13 пайызын өндіреді. Бұл бағытта «Korcem» компаниясы өткен жылы цемент шығаратын клинкер өндіру зауытын іске қосып, облысымыз аталған өндіріс көлемін жалпы алғанда үш миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды.
Құрылыс материалдарына сұраныстың артуын ескере отырып, келесі жылы өңірде «Алит Холдинг» құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді, ал «Кнауф гипс Тараз» гипсокартон зауытының құрылысын жүзеге асырмақ. Жобаларды іске асыру өнім ассортиментін 12 атауға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Таяуда ғана қытайлық серіктестермен – «Fujian Hengwan Investment» компаниясымен металлургия зауыты іске қосылса, алдағы уақытта өңірде американдық технологияны пайдалана отырып, «AltynAlmas Reagents» компаниясында натрий цианидін, «Taraz gelatin» желатинін, «JvictorNewEnergy» өнеркәсіптік кремнийін өндіру жоспарлануда. Жалпы, өткен жылдың 8 айының қорытындысымен облыста өңделген тауарлар экспортының көлемі 178,7 миллион АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 139,5 пайызға артқан.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді