Қала мен аудандар бес жылдық даму жоспарларын бекітуі керек
- author «Ақ жол»
- 12 сәуір, 2025
- 211

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖҰМЫСЫ 25 СӘУІРГЕ ДЕЙІН АЯҚТАЛУЫ ТИІС
Жиында скрининг еліміз бойынша 220 ауылдық елді мекенді қамтып, бұл бойынша жұмыс «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдіктері және Amanat партиясымен бірлесіп жүргізілгені айтылды. Негізгі мақсат – болашағы бар инвестициялық жобаларды іріктеу және облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың даму жоспарларын нақтылау. Бүгінде аталған бағдарлама аясында жалпы құны 55 миллиард теңге болатын 6 мыңнан астам жобалар қаралып, оларды бағалауда өңірлік даму басымдықтарына баса назар аударылған. Соған сәйкес қазір ауылдық инвестициялық жобаларды бағалаудың бірыңғай әдістемесі әзірленуде.
Бұл әдістеме инфрақұрылым, демография, жұмыспен қамту және ресурс базасы сияқты негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып, жобалардың тиімділігін әділ бағалауға табысты тәжірибелерді ел бойынша кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Вице-премьер әдістемені әзірлеуді 15 мамырға дейін аяқтап, 15 маусымға дейін облыстық маңызы бар қалалар мен әрбір ауданның бес жылдық даму жоспарларын мәслихаттарда бекітуді тапсырды.
Бұл құжаттар келісілген тәсілдерге сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым мен өңірлердің ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленуі тиіс. «Облыс әкімдіктері «Ауыл аманаты» жобаларын скринингпен айқындалған басым бағыттарға сәйкестендіру жұмысын 25 сәуірге дейін аяқтауы қажет», – деді Қ.Бозымбаев.
ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Отырыста ауылдық жерлерде шағын өнеркәсіптік аймақтар құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде, мысалы, Түркістан облысында бұл пилоттық жобалар іске асырыла бастаған.
Облыс әкімдіктері және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында мамыр айының соңына дейін 10 пилоттық шағын өнеркәсіптік аймақтар жобасын іске қосуы тиіс. Отырыста Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Қонаев қаласының әкімдіктері «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын таныстырды.
Отырыстың қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру мен лизинг ережелерін 10 мамырға дейін бекітуді тапсырды. Жобалық кеңсе алдағы уақытта өңірлерге шығып, жергілікті әкімдіктердің жұмыстары мен жобалардың іске асырылуын тікелей тыңдау арқылы жалғастырмақ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді