Ауылдағылардың дені қолда ұстайтын бірлі-жарым қойларын көрші-қолаң боп кезектесіп бағады емес пе. Бірде қойдың кезегі біздің үйге де келген. Әкем азанмен қой бағуға шұғыл даярланып жатқанда, жейдесінің тура тамағының тұсындағы түймесі үзіліп қалады. Анамыз үйде жоқ болатын. Асыққан әкем шифоньерді ашып, әдемі галстугін тағып, қойды өріске айдап кетеді. Түске таман бір туысымыз біздің үйдің үлкендерін құдайы тамаққа шақырып келді. Ол жерге үйден бір өкіл баруы керек. Содан інім өріске барып, әкемді әлгі жиынға жіберді. Сөйтсек, ол кісі уақыт тапшы болғандықтан үйге соқпастан, құдайы тамаққа тіке тартыпты. Сол жердегі бір құрдасы әкемнің мұнтаздай галстугінің шаруа киімдеріне сәйкес келмей тұрғанын мұқатпақ болып: «Ей, Жөке, сені қойда деп еді. Галстугіңді тағып үлгеріпсің ғой»... – деп әзілдейді. Сонда әкем кідірместен: «Жұрттар галстукті тойға тақса, мен қойға тағамын», – деген екен.
Фариза Жорабекқызы.
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




