Тауар белгілері мен географиялық нұсқамалар жергілікті экономиканың дамуына қалай ықпал етеді?
- author «Ақ жол»
- 14 ақпан, 2025
- 1.3k
ГН тіркеудің артықшылығы жергіліктіэкономиканың дамуына ықпал етеді. ГНпайдаланатын өндірушілер жұмыс орындарын ашып, аймақтық кәсіпорындардың өсуіне ықпал ете алады.
ГН аймақтың әл-ауқатының өсуіне жұмысорындарымен қамтамасыз ету мен кірістердің өсуітүрінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың бірегейөнімдері мен мәдениетімен танысқысы келетінтуристерді тарта алады.
Экономика тұрғысынан ГН - бұл сіздіңзияткерлік меншігіңізді қорғаудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар тауарларға бірегейлік қосуға, олардың сапасын көрсетуге және жоғары бағаменсатуға мүмкіндік беретін тамаша маркетингтікқұрал.
Сонымен қатар, зерттеушілер атап өткендей,бұл құрал қазіргі экономикаға бейімделуі қиынғасоғатын жергілікті және ауылдық өндірушілер үшінөте пайдалы болып табылады. Ғалымдарстатистиканы келтіреді: ГН ретінде тіркелгенненкейін Доминикандық Хамао кофесінің нарықтыққұны 59% - ға, Антигуа кофесі 200% - ға өсті.
"Жамбыл цемент" зауыты өңірдіңэкономикалық дамуына ықпал ететін заманауиөнеркәсіптік өндірістің жарқын үлгісі болып табылады. Жамбыл облысында 14 жыл бұрынтартылған шетелдік инвестициялардың арқасындапайда болған кәсіпорын қазіргі уақытта өзөнімдерін елдің ішкі нарығында да, көршілесӨзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауда.
Құрылған сәттен бастап зауыт өндіретін цементхалықаралық стандартқа сәйкес келеді. Жоғарысапаның арқасында өнімдер нарықта кең сұранысқаие. Айта кету керек, өнім алу үшін жергіліктішикізат қолданылады.
Қазіргі уақытта зауытта тұрақты түрде 200-ге жуық адам жұмыс жасайды.
Ғалымжан Қуатбеков,
Жамбыл облысы Әділет департаменті
Зияткерлік меншік құқығы
бөлімінің бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




