Елде әрбір алтыншы жұмысшы азамат ауызша келісіммен еңбек етуде
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 00:26
- 92
Сауалнама нәтижелері бойынша табыс табатын респонденттердің 36,4 пайызы бейресми жұмыспен қамтылғанын мойындаған. Бұл көрсеткіш ерлер арасында сәл жоғарырақ – 37,6 пайыз, ал әйелдер арасында төмендеу – 34,9 пайыз.
Зерттеу авторлары аталған көрсеткішті бейресмилік индексінің жиынтық көрсеткіші деп атайды. Бұл индекс бейресми экономикада жұмыспен қамтылғандардың үш негізгі санатын біріктіреді: еңбек шартынсыз жұмыс істейтіндер («көлеңкелі» жалдау), табысын мемлекеттен жасырған кәсіпкерлер және құжатсыз уақытша жұмыс істейтіндер. Бейресми жұмыспен қамту индексінін ең үлкен үлесі жалақысын «конвертпен» алатын қызметкерлерге тиесілі. Олардың үлесі 16,6 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш гендерлік тұрғыдан алғанда шамамен бірдей деңгейде. Ал көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысатын респонденттердің үлесі сәл төмен – 13,6 пайыз. Тұрақты жұмысы жоқ, құжатсыз уақытша табыс тауып жүргендердің үлесі бұдан да аз, бар болғаны – 6,2 пайыз. Мұндай бейресми жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігін жастар мен зейнет жасындағы адамдар құрайды.
Енді зерттеу әдістемесіне тоқталайық. Adam Research зерттеуі 2024 жылдың 12 маусымы мен 21 тамызы аралығында телефон арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылды. Сауалнамаға 18 жастан асқан Қазақстан тұрғындары қатысып, олар кездейсоқ таңдалған мобильді нөмірлер бойынша іріктелді. Географиясы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтиды.
Зерттеу нәтижелері бейре сми жұмыспен қамту деңгейі жоғары аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тұжырым елдің оңтүстік бөлігіндегі аймақтарға, атап айтқанда Түркістан және Алматы облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына тән. Аталған өңірлерде көлеңкелі экономика шеңберінде жұмыс істейтіндердің үлесі аймақ тұрғындарының жалпы санының 30 пайыздан астамын құрайды. Бейресми жұмыспен қамтудың ең төменгі көрсеткіштері Шығыс Қазақстан (14,8 пайыз), Ұлытау (19 пайыз) және Ақтөбе (20,4 пайыз) облыстарында тіркелген.
«Оңтүстік аймақтар ауыл шаруашылығының, шекаралық сауданың дамығандығымен және этникалық азшылықтардың айтарлықтай үлесімен ерекшеленеді. Бұл жерлерде бейресми экономика «дәстүрлі» сипатқа ие. Экономикалық тұрғыдан дамыған аймақтар – Астана, Алматы, Атырау және Павлодар облыстары – халықтың жалпы жұмыспен қамтылу деңгейі жоғары бола тұра, бейресми экономика деңгейін орташа көрсеткіштен сәл жоғары етіп көрсетеді. Бұл аймақтарда бейресми жұмыспен қамтуды қосымша табыс табудың ұтымды стратегиясы ретінде қарастыруға болады», – делінген зерттеуде.
Батыс аймақтарға келетін болсақ, олар көлеңкелі кәсіпкерліктің ең жоғары индекстерінің бірін көрсетеді. Елдің батысында мұндай бейре сми жұмыспен қамту түрі адамдардың ресми жұмыс табуға талпынысындағы өтемдік механизм рөлін атқаруы мүмкін. Бейресми жұмыспен қамтылған респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары Қазақстанның көлеңкелі экономикасында жұмыс істейтін адамның бейнесін жасауға мүмкіндік берді. Мұндай адам қалада да, ауылда да тұруы мүмкін, орта кәсіби немесе тек орта білімге ие, көбінесе өзі оқыған мамандық бойынша жұмыс істемейді. Бейресми жұмыспен қамтылған адамның жеке табысы аса жоғары емес: 100 мың теңгеге дейін. Дегенмен, бұл мәселе біржақты емес: төмен жалақы туралы көбінесе «көлеңкелі» жалдаудағы неме се уақытша қосымша жұмыстармен күн көріп жүрген адамдар айтады. Ал, керісінше, көлеңкелі кәсіпкерлердің табысы орташа деңгейден жоғары: осы санаттағы респонденттердің 20,5 пайызы 600 мың теңгеден астам табыс табатынын мәлімдеген.
Енді бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың өздерінің отбасы жағдайын қалай сипаттайтынына тоқталайық. Сауалнама нәтижелері бойынша жалақысын конвертпен алатындардың 26,8 пайызы ең қажетті заттарға да ақшаларының жетпейтінін айтқан. Ал мұндай «көлеңкелі» табысы негізгі қажеттіліктерге жетіп, тіпті аздап жинақтауға мүмкіндік беретіндердің үлесі әлдеқайда аз, небәрі 9,4 пайыз. Көлеңкелі кәсіпкерлердің жағдайы бұдан жақсырақ: о сы санаттағы респонденттердің 19,7 пайызы өздерін ештеңеден таршылық көрмейтінін айтса, тағы 13,9 пайызы негізгі шығындарынан бөлек, жинақтауға да мүмкіндіктері бар екенін көрсеткен. Ең қорғалмаған топ – кездейсоқ қосымша жұмыстармен айналысатындардың арасында қаржылық жағдайына сенімді азаматтардың үлесі өте аз: бар болғаны 5 пайыз.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының «Талдау» ақпараттық- талдамалық жүйе сі өткен жылы Қазақстанда 1,2 миллион бейресми жұмыспен қамтылған азамат болғанын көрсетеді. Олардың көпшілігі, нақтылай айтқанда 682,5 мың адам – экономиканың формалды секторында жұмыс істеген, яғни заңды кәсіпорындарда, бірақ еңбек шартынсыз, ауызша келісім негізінде. 2022 жылмен салыстырғанда былтыр мұндай адамдардың саны 3,6 пайызға артқан. Ал көлеңкелі экономиканың кішігірім бөлігі яғни 473,2 мың адам – бейресми еңбек секторына тиесілі. Бұл топқа патентсіз, лицензиясыз немесе тіркеусіз жұмыс істегендер, сондай-ақ қызмет көрсетіп, тауар өндіріп, бірақ салық төлемегендер енген. Ұлттық статистика бюросының сарапшылары мұндай жұмысшылардың үлесін жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 12,8 пайызы деп бағалап отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бейресми жұмыспен қамтуды жұмыс орындарын жеткілікті деңгейде құра алмау мәселесінен кейін еңбек нарығындағы екінші негізгі проблема деп санайды. Мәжілістегі Үкімет сағатында ведомство басшысы жалақы қорының ресми мәліметтері мен нақты төленген зейнетақы жарналары көлеміндегі үлкен алшақтықтар туралы мәлімдеді. Мысалы, өткен жылы Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың жалақы қоры 38 триллион теңгені құрағанын хабарласа, зейнетақы жарналары негізінде қазақстандықтардың ресми түрде еңбекақы ретінде тек 20 триллион теңге алғанын айтуға болады. Ең үлкен алшақтық сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік операциялары салаларында тіркелген.
«Еңбекақының жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі (табыстар әдісімен есептегенде) 30 пайызды құрайды, ал 60 пайызы бизнестің жалпы пайдасына тиесілі. Бұл – ЭЫДҰ елдерінде болып жатқан жағдайға қарама-қарсы көрсеткіш. Ол елдерде жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 50 пайыздан асады, ал бизнес кірісі 20- 30 пайыз аралығында», – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Сәйкесінше әрбір алтыншы жұмыс істейтін қазақстандық ресми еңбек шартынсыз еңбек етеді. Мұндай қорытындыға да елдегі бейресми жұмыспен қамтылу мәселесін зерттеген Adam Research компаниясының с арапшылары келді. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 16,5 пайызы «көлеңкелі» жалдау схемалары бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ауызша келісім бойынша жұмыс істеуге келіскен қазақстандықтарды егжей-тегжейлі сауалнамадан өткізу Adam Research сарапшыларына мұндай қызметкерлердің бейнесін жасауға және олардың осындай жұмыс шарттарына не үшін келіскенін түсінуге мүмкіндік берді. «Көлеңкелі» жалдаудағылардың үштен бірінен астамы, яғни 36,7 пайызы – 34 жасқа дейінгі жастар. Олардың басым бөлігінде тек орта (28,2 пайыз) немесе орта арнайы (19,1 пайыз) білім бар. Ал, жоғары оқу орнын аяқтаған бейресми жұмыс істейтіндер сирек кездеседі (10,9 пайыз). Сонымен қатар, бір кездері мамандық алғандардың кейбірі қазір өз саласы бойынша жұмыс істемейді. Олардың үлесі 31,7 пайызды құрайды. Мұндай қызметкерлердің негізгі жұмыс салалары өнеркәсіп, ғылым немесе білім беру бағыттарымен байланысты еме с. «Көлеңкелі» жалдаудағылар көбіне іргелі білім мен кәсіби мамандануды т алап етпейтін салаларда жұмыс істейді. Атап айтқанда, құрылыс, қоғамдық тамақтану, сауда, ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар, «көлеңкелі» жалдаудағы респонденттердің төрттен бірі өз өңірлерінде үш жылдан аз уақыт тұрып жатқанын айтты, бұл олардың ішкі мигранттар екенін көрсетеді.
Жеке табыс деңгейлеріне жасалған зерттеу «көлеңкелі» жалдауда жұмыс істейтін адамдардың аз табыс табатынын көрсетеді. Респонденттердің 20,8 пайызы 100 мың теңгеге дейін жалақы алады. 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін жалақы алатындар 23,1 пайызды құрайды. Айта кетсек, Қазақстанда былтыр белгіленген ең төменгі жалақы 85 мың теңге, ал номиналды жалақы 390,3 мың теңге болған.
Неліктен «көлеңкелі» жалдау жұмысшы үшін тиімсіз? Жалақысын конвертпен алатын қызметкер қазір де, болашақта да үлкен тәуекелдерге ұшырайды. Мысалы, Қазақстанда өндірістік жарақат алу деңгейі жоғары. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы өндірісте қаза болғандардың саны 100 мың жұмысшыға шаққанда 6,2 адамды құраған. Ал соңғы бірнеше жылда көрсеткіштің нашарлағаны байқалады. Әсіресе, Қарағанды облысындағы шахталарда болған қайғылы оқиғалар статистикаға ерекше әсер еткен. Өндірістік апаттар немесе төтенше жағдайлар кезінде жарақат алу ықтималдығы елімізде айтарлықтай жоғары. Ал ресми жұмыс орны жоқ болған жағдайда, зақымданған жұмысшы еңбекке жарамсыздық үшін өтемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жәрдемақы ала алмайды. Еңбек шартынсыз жұмыс істейтін адам денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық анықтамасын ала алмай, демалыссыз қалады. Статистикаға сәйкес, Қазақстанда жұмысшылардың 9,3 пайыз науқастанғанда төлемақы алмайды, ал 8 пайызы ақы төленетін демалысқа шықпайды. Әсіре се, әлеуметтік аударымдары жоқ және еңбек шартынсыз жұмыс істейтін әйелдер үшін бала туғаннан кейін 1,5 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға мүмкіндіктері болмайды. Бұдан басқа, жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын төлемеген «көлеңкелі» жұмысшылар зейнетке шыққан кезде жинақтаушы зейнетақы бөлігін алмайды. Осындай тәуекелдер негізінде әлеуметтік ахуалды зерттеушілер қазақстандықтарды еңбек шартымен ресми жұмыс істеуге үндейді.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді