Жоғары білім мен ғылымды дамытуда оң өзгерістер болады
- author «Ақ жол»
- 31 желтоқсан, 2024
- 192
Ел ішіндегі түйткілді мәселелер болса, тұрғындарды тыңдап, жоғарғы билікке жеткізуге дайын екенін айтқан Талғат Ешенқұлов жоғары білім саласындағы жайттарды да жұртшылықпен бірге талқылауға шақырды.
– Елімізде жоғары білім және ғылымды дамытуға жүйелі түрде жұмыстар жүзеге асырылуда. Былтыр 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білімді және ғылымды дамыту тұжырымдамасын бекіткен болатынбыз. Мұнда алдымызға қойған мақсаттардың барлығын негізгі үш топтамаға бөлдік. Біріншісі – жоғары білімді дамыту мәселелері, екіншісі – өмір бойы білім алуды қамтамасыз ету, үшіншісі – ғылымды дамытуға арналған жұмыстар. Осы үш бағыттағы жұмыстардың орындалуын бақылап отыру үшін тұжырымдамада негізгі 19 индикатор белгіленді. Оның ішінде атап айтсақ, жоғары білімнің қолжетімділігі, интернациализация сияқты мәселелер қолға алынды. Елімізде жоғары білім беру үшін 120 жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Бұрын 130-дан аса жоғары оқу орыны болды. Олардың біразы сапасы жағынан тексеріліп, бүгінгі талапқа сай келмейтіндері жабылды. Кейбірі бір- бірімен қосылып, ірі реабилизациядан өтті. Жоғары білімге қолжетімділікті қамту үшін алдымен қаржы мәселесін шешу назарға алынды, яғни студенттерге берілетін гранттардың саны 2024 жылы бакалавриат, магистратура, докторантурада оқитындардың гранты 5 мыңға көбейіп, бүгінде 93 мың грант беріліп отыр. Студенттердің жағдайын жақс арту үшін шәкірт ақы көлемі былтырғыдан 20 пайызға көбейді. Ал, педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриатта оқитын студенттердің шәкіртақысы 75 мың теңгеге жетті, 75600 теңгені құрайды. Сонымен қатар, магистратура мен докторантурада оқитындардың да шәкіртақысы өсті. Сондай-ақ, студенттерге арналған жатақханалардың да қатары артты. Енді ғылым жөнінде айтсақ, елімізде ғылымды дамыту үшін білім туралы заңға ғылымға қатысты нормалар енгізілді. Ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәс елелерін шешуге бағытт а лған «Ғылым және технологиялық саясат тура лы» Заң қабылданды. Бұрын ғылымды тек республикалық бюджет қаржыландыратын, енді жаңадан қабылданған заңның аясында жергілікті органдар, яғни облыстық әкімшілік тарапынан ғылымды қаржыландыруға қосымша қаражат бөлу мүмкіндігі берілді. Оған облыс әкімдерінің ұсынысы мұрындық болды, – деген Талғат Ілиясұлы тағы бір негізгі норма мемлекеттік сатып алуға енгізілгенін айтып, осы өзгеріске тоқталды.
Ғылыми жобаларды орындау барысында мемлекеттік сатып алу тәртібі Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілген.
Вице-министр еліміздегі демографиялық жағдайдың өсу деңгейін де атап өтіп, болжам бойынша алдағы жылдары жоғары білімге деген сұраныстың артатынын жеткізді. Жоғары білімнің қолжетімділігін қамту үшін қаржы мәселесімен қоса жоғары оқу орындарының қатарын да арттыру керегі айқындалған. Сол себепті, жыл сайын гранттарды көбейтумен қатар, 2024-2025 оқу жылында ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бөлу бойынша пилоттық жоба іске асырылып келеді. Сондай-ақ, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы» Заң жобасы Парламент Сенатының екінші оқылымында мақұлданған, енді Президентке қол қоюға жіберіледі.
Министрліктің атқарған жұмысын жергілікті жұртқа кеңінен баяндаған вице-министр ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, Huawei Technologies Kazakhstan, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылғанын да айтып өтті. Нәтижесінде Huawei сертификатталған курстарын ұсыну үшін 40 жоғары оқу орнының базасында Huawei ICT Academy құрылған.
Министрліктің жұмыстары таныстырылғаннан соң тұрғындар министрдің орынбасарына көкейіндегі сұрақтарын қойды. Көп тұрғынның сауалы жоғары оқу орындарындағы ақылы оқу бағыты бойынша жеңілдіктер қарастыруға қатысты өрбіді. Ғылым және жоғары білім вице-министрі бұл мәселені шешу үшін арнайы жоба іске асырылып жатқанын айтты. Мұнан кейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы бойынша бірқатар ой-пікір айтылып, тұрғындар кейбір салалардағы кадр тапшылығына алаңдаушылық білдірді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді