Жуырда ғана дәл осы сипатта Тараз қаласымен және гвардиялық гарнизондар базасында жиын өтті. Екі кезеңнен тұратын басқосуға өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Басқарманың әкімшілік бөлімінің бастығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Нұрсұлейменовтың басшылығымен өткен сабақ барысында әскерилерге аса қажетті ақыл-кеңестер берілді.
– Әскери ұйымның негізі – саптық бөлімдер. Оның ішінде, әскери бөлімшенің барлық қызметтері мен бөлімшелерін байланыстыратын құжат айналымы жасалады. Саптық бөлімшелердің бастықтары мен сержанттарының жеке дайындығы көптеген қызметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне оң әсер етеді. Ал, құжаттарды сауатты әрі дұрыс ресімдеу, әскердің қызметін жоспарлау және үйлестіру маңызды мәселелердің тез арада шешілуін қамтамасыз етеді. Саптық бөлімдердің жұмысы соғыс уақытында да тоқтамайды. Мұндайда жазбаша бұйрықтар, өкімдер мен директивалар шығарыла береді. Дұрыс ресімделген құжаттар, шығарылған бұйрықтар, тіркелген баянаттар – бұл әскери өмірдің өте маңызды құрамдас бөлігі. Олардың артында адамдардың тағдыры болуы мүмкін, – дейді полковник Ержан Нұрсүлейменов.
Жалпы, персоналмен жұмыс бөлімінің бастықтары мен сержанттарының құзыретіне демалыстарды, іссапарларды, баянаттарды, бұйрықтарды ресімдеу, мұрағатты қалыптастыру, жауынгерлік және кәсіптік даярлық бойынша сабақтар өткізу кіреді. Осындай жиындар кезінде саптық бөлімшелердің мамандарын заманауи құжат айналымы бағдарламаларымен шебер жұмыс істеуге үйреткен жөн. Сондай-ақ, басқосуға қатысушылар қызметтік іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізуден басқа, мұрағатқа тапсыруға ұзақ және тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды дайындау бойынша негізгі талаптар мен ұсынымдарды, «қызметтік пайдалану үшін» деген шектеулі белгісі бар қызметтік құжаттармен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделейді.
– Оқу-әдістемелік жиын барысында «E–otinish» платформасымен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімдердің мамандары сұрау салуларға жауап беру тәртібін, сондай-ақ теріс себептермен жұмыстан шығарылған әскери қызметшілердің есебін жүргізу кезінде ережелерді сақтау бойынша Құқықтық статистика органдарымен өзара іс-қимылды зерделеді, – дейді бірінші сынып сержанты Қожабек Тұрмамбетов.
Жалпы, әрбір шығарылған және тіркелген бұйрықтар мұрағатқа кететіні рас. Ал, олар кем дегенде 75 жыл сақталады. Сондықтан, саптық бөлімшелер тарих жазады деп анық айтуға болады. Демек, мұрағаттың көмегімен бөлімнің тарихын білуге, бөлімшенің жауынгерлік жолын және әскери қызметшілердің әскери еңбегін бағалауға әрқашан мүмкіндік бар. Жиын барысында 01098 әскери бөлімінің саптық бөлімшесінің бастығы аға сержант Тасгүл Әділбаеваның ерен еңбегі айрықша атап өтілді. Ол 26 жылдық әскери қызметтің бақандай 15 жылын саптық бөлімде жұмыс істеуге арнаған. Бүгінде құрметті зейнет демалысына кетіп бара жатқан Тасгүл өз Отанына лайықты қызмет етудің үлгісі және саптық бөлімнің үлгілі маманы болған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді