Кезкелген адам ішінен өзі қызыққан кітабын оқуға алып, орнына өзі «Басқалар да оқысын» деген ниетпен кітап қойып кете алады. Бұл кітап үйшігіне ешқандай күзет те, бейнебақылау да қойылмайды. Осылай тұрғындардың ішкі мәдениетін көтеру де көзделіп отыр.
– Кітапханамыздың «Оқы! Таны! Біл!» атты әлеуметтік жобасы бар. Соның аясында тұрғындардың қызыққан кітаптарына қолжетімділігін арттыратын істерді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ал, саябақтарға кітап үйшіктерін қою шет елдерде қолданыста бар. Мысалы, Францияның барлық қалаларынан кездестіресіз. Ресейде де бар. Неге осыны біз де қолданып, көпшілікті кітап оқуға тартып, өз ақын-жазушыларымыздың туындыларын танытып, білімімізді дамытпасқа?! Әрбір әдеби туындының астарында таным бар, оқырманға ой салып, білімін арттыратыны бесенеден белгілі, – дейді аталған кітапхана директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова.
Аталған жобамен саябаққа кітап үйшігі, яғни «Қолжетімді кітапхана – «Freemarket» эксперимент ретінде қойылып отыр. Анығырақ айтсақ, «Freemarket» – «оқылған кітаптарды қалдыру және алу» деген мағынада аталған. Егер тұрғындар тарапынан қолдау тапса, кітапханашылар тегін кітапқа қолжетімділік туғызатын істі дамытуға дайын.
– Немерелерімді қыдырту үшін саябаққа келген едім. Жаңа дүние бірден көзге түседі ғой. Сөйтсек, бұл ұнатқан кітабыңды тегін алып, оқитын шағын кітапхана екен. Немерем Сафия бұйыртса биыл мектепке барады. Кішісі Айлуна екеуі «Алдаркөсенің хикаяттары» мен «Приключения Волшебной Кастрюльки» деген кітаптарды таңдады. Міне, сол екі кітапты немерелеріме оқып беріп, суреттерін көрсетіп, таныстырып отырмын. Қазір өзіме де үйде оқуға бір кітап алайын деп тұрмын. Бұл жақсы дүние екен, басқа да саябақтарға қойылып, көбейсе, құба-құп. Кітап оқу адамның зейінін ашады, білімін дамытады. Қазір көбіне интернетке тәуелді болып жатырмыз ғой, енді осындай шағын кітапханалардың көмегімен бір сәтке смартфоннан алыстап, денсаулығымызды да ойлауға бет бұратын шығармыз деген үміттемін, – дейді Гүлмира Наушанова немерелеріне жақсы кітап тапқанына қуанғанын жасырмай.
Шынында қазіргідей тойхана, дүкен көбейген уақытта жан азығын беретін қолжетімді кітапхананың жүзеге асқанына қуандық. Енді осындай шағын кітапханалардың барлық саябақтарда, аллеяларда да қатары көбеюі үшін көп болып атсалысайық.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді