Алдымен қателікті өзіміз жібереміз. Бүлдіршіндері бар үйдің иелері көпқабатты үйдің терезесін ашып қояды. Ашық терезеге жақындаған, есі кірмеген балақайлар қалай сырғып кеткенін білмей қалады. Оның соңы қайғылы жағдайға да әкеліп жатады. Судың жағасында суретке түсу, сельфи жасау деген нәрсе үрдіс болып барады. Сурет ерекше әсерлі шықсын деп, судың сарқырап, бар екпінмен долданып ағып жатқан жеріне сельфи жасайды. Сол сәтте аяғы тайып кетіп, жазым болып жатқан жастарды да естіп жүрміз. Бірнеше қабаттан құлап түсу фактісі де төтенше жағдай талаптарын ескермеуден орын алады. Биікте жүрген адам беліне арқан байлап, қажетті қорғаныш киімдерін киіп қауіпсіздік талаптарын сақтаған жөн.
Жақында бір аялдамадағы жағдайға куә болып, жағамды ұстадым. Тараз қаласындағы Сәкен Сейфуллин көшесіндегі аялдама. Бір жас келіншек қолындағы 3 жасар ұл баласын аялдама жанындағы каналдың ағып жатқан суына ойнап, қызық көріп, итеріп-итеріп қояды. Егер қолынан бала ажырап кетсе, суға кетейін-ақ деп тұр. Ондай сәтте әлгі жас ана күлкісін тия алмай қалар еді-ау! Сондай жазым болса, әлгі ойнап тұрған анасы сәбиін құтқарып үлгере ала ма? «Ойыннан өрт шығады» деген де бар.
Сондықтан ә сіресе кішкентай балалардың тағдырымен ойнамасақ екен.
Айасыл ТҰРҒАНБЕК
Қаратай Тұрысов атындағы
мектеп-гимназиясының түлегі
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Бас прокуратура жылдық жұмысын қорытындылады
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді