Биыл жыл басынан бері облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 528 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 445 өтініш қаралып, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 132 өтінішке көбейіп отыр.
Маманның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өтініштердің өсімі 42 пайызды құрайды. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша заңсыз бағаны көтеру фактілерімен күресу жұмыстарын жүйелі атқарып келеді.
Мәселен, сауда қызметі саласында департаментке 83 жазбаша өтініш түскен. Мұндай жазбаша өтініштердің жалпы саны 297, мамандар 54 азаматты қабылдаса, департамент басшысы екі адамды жеке қабылдаған. Сенім телефонына 164, телегроммботқа 11 өтініш түскен.
– Тұтынушылардың шағымдарының негізгі саласы – бөлшек сауда бойынша 210 шағым түскен. Бөлшек саудаға байланысты шағымдарда сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту басым, одан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту бойынша шағымдар бар. Электрондық сауда саласындағы шағымдар саны 2023 жылдың 6 айында 48 шағымды құраса, 2024 жылдың 6 айында 73 шағымды құрап, 52 пайызға өскен. Шағымдардың бұл түрі тұрмыстық қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет шаруашылығы бойынша өтініштер санынан озып, екінші орынға шықты. Есепті кезенде департаментке келіп түскен өтініштердің 313-і толығымен қанағаттандырылды. Бұл 66 пайызды құрайды. Нәтижесінде тұтынушыларға 13,7 миллион теңге қайтарылып, 140 тұтынушы өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме алды. Сонымен қатар, 47 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді, 7 өтініш жұмыс үстінде, – дейді Байқадам Еркінбекұлы.
Өткен 6 айда департамент өкілдері тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 68 тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 58 заң бұзушылық анықталған. 45 ұйғарым енгізіліп, құқық бұзушыларға ескерту түрінде 44 әкімшілік жаза және жалпы сомасы 544 570 теңгеге айыппұл түрінде 7 жаза қолданылған. Сонымен қатар, 7 субъектіге 1 576 484 теңге шамасында айыппұл салынып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 4 тексеріс тараптардың келісімімен аяқталған.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді