Жалпы, Көксерек – қасқыр туралы жазылған жалғыз шығарма емес. Бұл еңбек қытай жазушысы Шэнь Шисидің « Қасқырлар патшайымы», Джек Лондонның «Ақ азуы» мен Шыңғыс Айтматовтың «Жан пидасы» іспеттес. Рас, әр шығарманың идеясы мен сюжеті басқа. Десе де, бәріне бірдей ортақ тақырып – қасқырдың тек өзіне тән ерекше жаратылысы. Қай туындыны алсақ та, қасқырдың табиғатпен байланысы, адамға деген көзқарасын білдіретін жайтт ар түзіледі. Мұндағы шып-шымыр сөздер мен жұп-жұмыр сөйлемдердің оқыған адамды байлап-матап тастайтыны да сондықтан. Ал, бүгінгі оқырман қалам ұстаған ағайын да алынбаған ақысы бар «Қасқырлы сай» туралы білер ме екен? Талай тылсым сырды жасырған бұл сай қайда орналасқан? Үйір қасқырдың апанындағы соңғы қос бөлтіріктің көзін жойған аңшы кім? Ендеше, рет-ретімен баяндайық.
Шақпақ елді мекенінің батысындағы Құлантауын жергілікті халық «бірінші тау» деп те атайды. Өйткені, Амансай аталатын үлкен сайдан кейін дәл осы тауға қапталдас «екінші тау» жатыр. Ал, аталған екі таудың жымдасып біріккен «Тәлімі» деген жердегі сай біз сөз еткелі отырған – «Қасқырлы сай». Айта кетейік, осы аймақтағы Тәлімі, Маңқа сай, Суықбастау, Қоянбайдың жайлауы мен Сулысай деген жерлердің бәрі «Қасқырлы сайдың» сол жағында жатыр. Бір қызығы, Қасқырлы сайға апарар жол жалғыз. Тек біраз жер жүрген соң ғана жол екіге айырылады. Сайдың іші ну қамыс пен жыңғылға толы болғандықтан, мұнда не бар, не жоқ екендігін болжау қиын. Сондықтан шығар, бұл жердің көкжалдар үшін таптырмас пана болғаны.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Амансайдың түкпіріндегі Тәліміде, Сулысайда, Керімбай жайлауында тіпті, көршілес қазіргі Түркістан облысының Шақпақ баба елді мекеніндегі шаруалардың қой-ешкілеріне қасқырлар жиі шауып, малшылардың мазасы кеткен екен. Осы кезде бұрынғы Кременовка ауылдық кеңе сінің төрағасы Кенжебек Кемелбеков аймаққа атағы шыққан кәнігі аңшы Балтабай Есбергенұлына қасқырлардың көзін жою туралы өтініш айтқан. Шұғыл іске кіріскен Балтекең бір маусымда-ақ бас-аяғы 12 көкжалды ажал құштырады.
Сонда тәжірибелі аңшы: «Қасқыр – өте кекшіл жыртқыш, олардың көзін мүлде жойып жіберу керек, я болмаса оларға мүлде тиіспеу керек», – деген.
Азулы қасқырдың апанындағы соңғы қос бөлтірікті алып шыққан Балтекеңнің бел баласы Айдарханның айтуынша, бұл оқиға ол бар-жоғы бесінші сыныпта оқитын кезінде болған.
– Бір күні таң атпай әкем мені оятып: «Қасқырлы сайға» барамыз, киін. Менің есебім бойынша апанның ішінде екі бөлтірік бар, соған түсесің», – деді.
Сөйтіп, жолға шыққан біз қалың жыңғылды аралап апанның дәл үстінен түстік. Әкем өзі тас қылып бекіткен апанның аузын ашты. Содан соң, екі қолыма тонның жүнін теріс айналдырып тіккен шынтағымнан асатын ұзын қолғап кигізді. Бір қолыма фонарь ұстатты. Осыдан кейін, әкем: «Қорықпа, жігітсің ғой. Бөлтірік қолыңнан тістесе де, оның тісі жаныңа батпайды. Желкесінен ұстап алуға тырыс. Егер бөлтіріктерді ала алмасаң, қасқырлар бұл төңірекке тыныштық бермейді», – деп көрдей қараңғы апанға кіргізіп жіберді. Жасыратыны жоқ, бойымды қорқыныш биледі. Оның үстіне, апандағы сасық иіс қолқаны қабады. Алайда, әкем айтқан жігіттік намысқа тырысып, қос бөлтірікті апаннан алып шықтым, – дейді Айдархан.
Жүрек жұтқан әкелі-балалы осынау аңшылардың ерлігі бұл өлкедегі малшылардың қасқырлардан біржолата құтылып, Тәлімідегі сайдың «Қасқырлы сай» атануына сеп болды. Атап өтейік, Балтабай аңшының иығына қасқырдың терісін жамылған суреті бар көлемді мақала сол кезеңде аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған. Ал, әкесінің бұл суреті қазір де ұлы Айдарханның үйінде төрде ілулі тұр.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Тиісті жұмыстар жүргізіледі
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді