Марста тіршілік болған ба?
АҚШ-тағы Көне Доминиона университетінің қызметкерлері Марсты зерттеу мақсатында жасалған, осынау қызыл планетада жүруге арналған Curiosity марскезбесі түсіріп алған фотосуреттен Жерде цианобактериядан түзілетін минералды затты байқаған болатын. Naked Science ресурсы таратқан хабарда айтылғандай, мұның өзі Марста есте жоқ ерте заманда тіршілік болғаны жөніндегі гипотезаны растай түседі. Осы бағыттағы зерттеуді геологиялық құрылымды 20 жыл бойы зерделеумен шұғылданып келе жатқан Нора Ноффке (Nora Noffke) есімді биологтың жүргізіп жатқанын айта кету керек. Ол Марстағы бір кездері көл болуы мүмкін Гиллеспи Лейк ауданындағы тау жынысы бейнеленген фотосуретті Австралияның солтүстігінен таспаға тартып алынған, осыдан 3,5 млрд жыл бұрынғы биологиялық тектің тасқа айналған суретімен және Тунис аумағында таспаға тартып алынған ежелгі микроағзалар бейнесімен салыстырып көрді. Ол фотосуреттерді талдай келе Жер мен Марстағы объектілердің арасындағы ұқсастыққа назар аударған болатын. Бұл өз кезегінде қадым заманда қызыл планетаның су қоймаларында микроағзалардың болғанын білдіруі мүмкін. Әйтсе де ғалым Curiosity түсіріп алған фотосуреттегі объектінің биологиялық тегі болмауы да мүмкін екенін жасырмады. Мәселен, ол судың, желдің немесе тұздың әсерінен пайда болуы мүмкін. Бұрын Марс атмосферасынан метан табылған еді, ал жартас жынысын бұрғылау кезінде жиналған сынамалық үлгілерден органикалық молекула табылған болатын.
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді