100-ден астам құқықбұзушылық анықталған
Нашақорлық індеттің кесірі сіз бен біз өмір сүретін бүгінгі қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Бұл дертпен «ауырған» адамдар түрлі қылмыстық әрекеттер жасап, қоршаған орта мен азаматтарға да зиян-залал әкелуде. Оның үстіне, бүгінде табиғи есіркіден гөрі мас қылатын жасанды препараттардың айналымы артуда. Жыл басталғалы бері полицейлер есірткіге қатысты 104 құқықбұзушылықты анықтаған. Мұндағы 27 дерек есірткі заттарын сатуға байланысты болса, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтаудың 23 фактісі тіркелген. Бұдан бөлек, есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына қатысты 46 дерек анықталған.
– Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары интернет-кеңістікте де жұмыс істейді. Жыл басынан бері есірткі заттарының жарнамасы бар 66 сілтеме «Киберқадағалау» бағдарламасына енгізілді, - делінген ақпаратта.
Ішімдік ішіп, көлік жүргізгендер ұсталды
Бүгінде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Дәл осы профилактикалық шара барысында қала жолдарында жол ережесін бұзудың екі мыңға жуық дерегі әшкереленген. Оның ішінде, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік құралын басқаруының 16 фактісі, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 9 дерегі, автокөлікті қайта жабдықтаудың 7 және көлік құралы терезелерін қараңғылаудың 38 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, бұл күндері ішімдік ішіп, көлік жүргізген 8 адам ұсталды. Ал, самокат тізгіндеген 303 және мопед басқарған 500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Бірінші кезектегі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу. Өрескел бұзушылықтар – мас күйінде көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, апаттық жағдайдағы көліктерді анықтау және жолын кесу, – делінген полицейлер таратқан хабарламада.
Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілетін күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режимінде қызмет атқарады.
Қос дөңгелекті көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Жаз мезгілінде қара жолдарда екі доңғалақты көліктердің саны арта түсетіні белгілі. Десе де, автомобильдерге қарағанда, мотоцикл, мопед, скутер мен велосипедтерде қауіпсіздік айтарлықтай қамтамасыз етілмеген. Осы себепті, екі доңғалақты көлік жүргізушілері жол апаттарына жиі ұшырайды. Бұл ретте патрульдік полиция батальонының инспекторлары рейд жүргізіп, оның барысында велосипедшілер мен мотоциклді тізгіндегендерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігі жөнінде ұдайы ескертеді. Мәселен, дәл осындай кезекті рейд кезінде қос дөңгелекті көліктерді жүргізген 53 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, бір азаматтың мұндай көлікті басқаруға құқығы болмаған.
– Велосипедті басқарудың қарапайымдылығына қарамастан, денсаулық пен өмірдің сақталуын қамтамасыз етуге арналған жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Велосипедшілер автокөлік жүргізушілер немесе жаяу жүргіншілер сияқты жол қозғалысының қатысушылары екенін есте ұстаған жөн, – дейді патрульдік полиция батальонының қызметкерлері.
Діни заңнаманы бұзудың екі фактісі тіркелді
Полицейлер діни қатынастар саласында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Дәл осындай профилактикалық шараны жүргізу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнаманы бұзудың екі дерегі анықталған. Тиісінше, құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 129 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
– Мұндай құқықбұзушылықтар қоғам үшін қауіпті. Өйткені, олар заңнаманы бұзады және ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін. Біздің міндетіміз – осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау, сол арқылы барлық азаматтардың заңды сақтауын қамтамасыз ету, – дейді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдер
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Референдум-2024: Сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты
- Бүгін, 20:01
Бақылаушылар да белсенді
- Бүгін, 18:15
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді