Әуелі Ербол Шырақпайұлы аталған акцияның маңыздылығына кеңінен тоқталып, шарапаты мол іс-шара жыл соңына дейін жалғасатынын, ол үшін арнайы жұмыс жоспары белгіленгенін атап өтті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл акцияны жыл соңына дейін жалғастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Жалпы, акцияға өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері жақсы белсенділік танытуда. Дегенмен, аталған акцияны іске асыру барысында мәселелер де жоқ емес, – деген аймақ басшысы экоакция бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелеріне мән берді.
Бұл ретте облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов жан-жақты айтып өтті.
Бүгінгі күнге ұйымдастырылған сенбіліктерге, жалпы 331 мыңнан астам өңір тұрғыны, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері атсалысты. Дегенмен, басқарма тарапынан Тараз қаласы мен аудандардың санитарлық тазалық жағдайына зерделеу жұмыстары кезінде бірқатар кемшіліктер анықталып отыр. Елді мекендердегі кездейсоқ қоқыстардың белгіленбеген жерлерде шашылып жатуы, шөптердің орылмауы, қураған тал ағаштарының тазаланбауы, сыртқы жарықтандыру жүйелерінің жарық шамдарының ауыстырылмауы, аялдама орындықтарының қалпына келтірілмеуі, тұрғын үйлердің қасбеттерінің ретке келтірілмеуі сияқты кемшіліктер орын алған. Атап айтсақ, Тараз қаласында Опытная, Желтоқсан, Братская, Қазыбек би, Сүлейменов, Әйтиев, Ұлбике ақын, Жүнісалиев көшелері мен «Алатау» (8), «Талас» (6), «Жайлау» (3) шағын аудандарындағы күл- қоқыс алаңшаларының сыртында, көше бойларында ке здейсоқ қоқыстар орналасып, тал бұталары шығарылмаған. Сәтпаев көшесіндегі жарық бағанасы құлаған, қалалық №1 перзентхана алдындағы автобус аялдамасы қалпына келтірілмеген. «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №35/3 үйдің жанында құрылыс қалдықт ары бірнеше күннен бері шығарылмағаны анықталып отыр. Осындай жағдайлар Талас ауданының Ақкөл, Қызыләуіт ауылдарында, Байзақ ауданының Сарыкемер, Дихан, Жахаш, Түймекент ауылдарында, Жуалы ауданы бойынша Б.Момышұлы, Қосбөлтек ауылдарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, Ұйым, Жаңаталап ауылдарында, Жамбыл ауданының Қаракемер, Ш .Ниязбекұлы, Ащыбұлақ ауылдарында және Т.Рысқұлов ауданы бойынша Өрнек, Мамай, Қайыңды, Тереңөзек ауылдарында қайталанып отыр.
Аталған аудандардағы бірқатар саябақтар мен скверлерде санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет етеді. Бұл аймақтарда құзырлы органдардың, полиция департаментінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік бақылау тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі күнге қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 10 мыңнан аса хаттама толтырылып, 2,8 миллион теңгеге айыппұл салынды, – деді басқарма басшысы Ғалым Исабайұлы.
Аталған мәселеге орай, облыс әкімі Тараз қаласы мен аудан басшыларына жұмысты жүйелеуді тапсырды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков акция аясында қалада 10 мыңнан астам ағаш отырғызылса, күзде 20 мың тал-дарақ отырғызу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, қала әкімі өз сөзінде 350 қоқыс алаңшасы бар екенін, яғни 10-12 үйге 1 ғана қоқыс алаңшасынан айналатынын, сәйкесінше оның өзі жеткіліксіз болғандықтан, тағы 100 қоқыс алаңшасын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Ал, жоғарыда аталған мәселеге тұрғындардың сол қоқыс алаңшаларына бейберекет қоқыс тастауынан немесе ірі сауда орындарының тұрғын үйлердегі қоқыс алаңшаларына қалдықтарды тастауынан орын алып отырғанын айтты. Бейберекет қоқыс тастаған 400-ден аса тұрғынға айыппұл салынғанын да жеткізді.
Сол секілді жоғарыда аталған аудандардың әкімдері де сантитарлық тазалықты сақтауға қатысты жұмыстар жүйеленетінін айтты. Аймақ басшысы экоакция бойынша енді екі аптада бір мәрте мониторинг жұмыстары жүргізілетінін ескертті.
Мұнан соң жиынның күн тәртібінде шекара маңындағы ауылдық елді мекендерді дамыту мәселесі қаралды.
«Үкімет Басшысының тапсырмаларына сәйкес, Жамбыл, Қордай, Меркі аудандарының әкімдеріне облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармаларымен бірлесе отырып іріктелген ауылдардың инфрақұрылымын жайластыру және жаңғырту үшін әрбір ауылға нақты кәсіпкерлер, жер қойнауын пайдаланушылар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларын бекіту және жұмысты жергілікті жерлерде ұйымдастыру туралы нақты тапсырма беруіңізді сұраймыз», – деді бұл туралы облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева.
Ербол Шырақпайұлы аталған мәселеге орай бірінші орынбасары Нұржан Календеровке шекара аумағындағы ауылдарды дамытуға байланысты арнайы жол картасын әзірлеуді және жоспарға сай жұмысты жүйелеуді тапсырды.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді