«ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҰЗАҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫЗ ФИЛЬМ»
Ал әлемдегі ең ұзақ фильмдерінің бірі – аты атап тұрғандай, «Әлемдегі ең ұзақ және мағынасыз фильм» деген атауға ие. Ағылшындық фильмнің тартымсыз атауы алғаш жарыққа шыққан тұста, яғни, 1968 жылы өз атына сай болды. Себебі бұдан кейінгі шыққан кинематография туындылары ұзақтық жағынан тек араға біршама жылдар салып қана асып түсті. Кинотуынды үшін арнайы түсірілім болмаған. Тіпті оның сюжеті жоқ, жарнамалық роликтерден және әлі прокатқа шықпаған басқа фильмдердің үзінділерінен құралған. Кей тұсында бір ролик бірнеше рет қайталанып, ал кейде сурет керісінше айналып, әрекет арттан алға қарай қозғалады. Ал фильм ұзақтығы екі тәулікті қамтиды.
«ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ ДӘРІСІ»
Композициялық сюжетке құрылмаған фильмдер қатарында 1987 жылы режиссер Генри Тиммисомның жетекшілігімен түсірілген «Ұйқысыздық дәрісі» атты туынды да бар. Үш жарым тәулікке созылған фильмде басынан соңына дейін актер Ли Гробан көрермендерге өзінің 48 беттік «Ұйқысыздық дәрісі» атты поэмасын оқиды. Кішкене ғана шығарманың мұнша ұзаққа созылуына фильм арасындағы рок жанрындағы бейнелердің көптігі әсер еткен.
«МАТРЕШКА»
Бұдан өзге ең ұзақ фильмдер қатарында дыбыссыз туындылар да бар. Мәселен, 2006 жылы жарыққа шыққан неміс режиссері Карин Хёрлер түсірген «Матрешка» деректі фильмінің дыбысы жоқ. Мұнда айналадағы үйлер, көшедегі велосипед тебуші бала мен көліктер, гараждар мен аспанды бейнелеген суреттер кезекпен айналып тұрады. Осы бір минимализмді ғана суреттеген кинотуындының ұзақтығы төрт тәуліктен асады. Ал оның Франкфурт қаласында өткен алғашқы көрсетілімі күн сайын бес сағат үзілісті қамтып, бес күнге созылған. Осылайша, кинокартина үш жыл бойы әлемнің ең ұзақ фильмі атанған.
«СИНЕМАТОН»
Ал бұл рекордтық көрсеткішті 2009 жылы жарық көрген француз режиссері Жерар Куранттың «Синематон» фильмі ғана өзгерте алды. Жалпы ұзақтығы сегіз тәулікті құрайтын туындының түсіріліміне 30 жылдан астам уақыт кеткен. Кинокартинада танымал өнер адамдары – суретшілер, ақындар, журналистер мен әншілер, тіпті режиссердің достары да бейнеленген. Олардың қатарында Жан-Люк Годар, Терри Гиллиам, Кен Лоуч, Гаспар Ноэ сияқты атақты киноматографистер де бар. Әрқайсысының ұзақтығы үш жарым минутты қамтитын 2880 бейнесуреттен құралған фильмде әркімнің өзіне бөлінген уақытында кадрда не істесе де еркіндік берілген.
«ЛОГИСТИКА»
Ал, бүгінде әлемнің ең ұзақ кинокартинасы ретінде 2012 жылы жарыққа шыққан «Логистика» фильмі танылған. Ұзақтығы 35 күнді қамтитын тәжірибелік мақсатта түсірілген туынды шведтік қос азамат Эрик Магнуссон мен Даниэлем Андерссонның өзара бәсекелестігінен туындаған. Олар өздері қолданып жүрген электронды гаджеттердің қайдан шығатыны туралы сөз таластырып, мұның соңы теңіз сапарына ұласқан. Осылайша, Стокгольмнен бастау алған ұзақ жол Германияға, одан әрі Нидерландының Роттердам қаласы мен Испания жағауына жа лғасып, Қыт айдың Шэнцжень қаласынан аяқталған. Сапардың жалпы ұзақтығы 35 күн 17 сағатқа созылып, мұның бәрі жол үсті бейнетаспаға түсірілген. Ал, қос азаматтың барлық шығындарын елдегі Инновациялық мәдениет қоры өтеген. Осылайша алғашқы көрсетілімі бес аптаға созылған фильм күні бүгінге дейін әлемнің ең ұзақ фильмдерінің көшін бастап тұр.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді