Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Сұлтан Әсетұлының сөзіне сүйенсек, қатты ыстық уақытта жұқпалы аурулар да тез тарайтын көрінеді.
– Ауа-райының күрт ысығанын ең қиын кезең десек те болады. Себебі, бұл кезде адам жүрегіне қысым түседі. Күн ысығанда адам терлеп, қаны қоюланады. Ауа температурасының көтерілуінен адамдардың бас айналудан бастап, бұлшықеттің тартылуы, тіпті, құсу, күн өту сияқты ауруларға тап болады. Ыстық лептің әсерінен адамның дене температурасы жоғарылап, пульсінің жылдамдығы, тыныс алудың қиындауы және команың белгілері байқалып, өміріне қауіп төндіретін жағдайлар да кездеседі. Бұл уақытта тіпті, жұқпалы аурулардың саны өршуі де мүмкін. Сондықтан мұндай қапырық ауа-райында, жүрек қан тамыры ауруы бар және инфаркт, инсульт алған адамдар аса сақ болуы керек, – дейді Сұлтан Әсетұлы.
Ауа-райы қолайсыздау болып келетін жаздың ыстық күндерін қауіпсіз өткізгіңіз келсе, мүмкіндігінше салқындатқыштарды қолданыңыз. Күннен қорғанатын иіс майларды күнделікті пайдалануға болады. Егер күн астында жүруге тура келсе, басыңыздан күн өтпеуі үшін жалаңбас жүрмей, шиқалпақ немесе күнқағары бар жұқа бас киім киіңіз. Денеге жайлы, құрамында синтетикалық материалы жоқ маталардан тігілген киімдер киіңіз. Бұл біздің емес, мамандардың кеңесі.
– Жалпы, күн райының ысыған уақытында қолдан келгенше салқын үйде болған абзалырақ. Ыстық өтудің алдын алу үшін мүмкіндігінше көлеңкелі жерлерге ауысып, көп сұйықтық ішу қажет. Жаз мезгілінде әдеттегі мөлшерден көп су ішкен дұрыс. Себебі, ыстықтан қорғану мүмкіндігі болмаған жағдайда жүрек қысымы күшейіп, адам терлеп, денесі қызады. Осындай жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін ыстыққа денені үйрететін жаттығулар жасаған жөн. Сондай-ақ, күн сәулесінің соққысын алған жағдайда, бірден сапалы медициналық жәрдем көмегіне жүгініңіз, – дейді Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылдық медициналық тірегінің жалпы тәжірибелік медбикесі Шынарай Аманқызы.
Медицина қызметкерлерінің кеңесіне жүгінсек, ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын тапқан ұтымдырақ. Кез келген сыртқы келеңсіз әсерлерге денсаулығыңыз төтеп беру үшін ағзаның иммунитетін көтерген маңызды. Ол үшін, әрине, саламатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану керек.
Құрмет САРЫБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді