Ал қазақтың халық медицинасында ертеден кәдеге жаратқан шипалы шөптің бірі – қалақай. Қазақ қалақайды дене сыртындағы жарақаттарды, іріңді жараларды, сүйектің қабынуын емдеуге қолданған. Оны гүлдеп тұрған шағында жинап алып, шемен ауруын емдеуге, дене қызуын басуға және жөтелге қарсы да пайдаланған. Қалақайдың адам бойын тітіркендіріп жіберетін ащы уытына қарап, халқымыз «Қалақай шақты» дейтін болған. Уды у ғана қайтаратынын ертеден сезген дала данышпандары жылан шаққанда қалақаймен дерттің алдын алып отырған.
Өзге елдерде қалақай сабағының талшықтарынан жіп иіріп, одан желкендер тоқыған. Кейбір оңтүстік елдерде рами атты емдік шөптің ерекше түрін арнайы өсіреді. Оның биік болып өсетіні соншалық, жаяу кісі түгіл атты кісінің бойы әзер көрінеді. Мұндай қалақайдың талшықтарынан жібекке бергісіз мата тоқиды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлерінің киімі осындай матадан жасалған. Одан есілген арқандар мен балық аулайтын торлар өте берік болады. Сондықтан да орта ғасырда Жапонияда қалақай жібек матамен теңестіріп, самурайлар сауытының ішінен киетін киімдер, садақтың баулары тігілген. Соғыста қалақайды емдік қасиеті мен күш беретін қабілетіне қарай, жаралыларға жегізетін болған.
Алайда, қалақай бойында қорғаныштық қасиетке ие қышқыл болғандықтан «шаққан жерін» қатты күйдіреді, сол себепті оны жинаған кезде адамдар үстеріне калың киім, қолдарына қолғап киетін болған. Ал славян халықтары қалақайды мифологиялық қасиетке ие деп санап, тазалықтың, адалдықтың белгісіне балаған.
Сондай-ақ, Ұлыбританияда қалақайдан шарап жасайды.Үш мың литр шарап алу үшін 40 килограмм қалақай жапырағы қажет. Англиядағы Маршвуд елді мекенінде жыл сайын өткізілетін сыра фестивалінің шеңберінде қалақай жеуден әлем чемпионаты өткізіледі.
Бүгінде ботаникада қалақайдың 50-ден астам түрі бар. Замануи медицинада әрі тұрмыста қалақайды тұнба түрінде, шай күйінде, дәрілік және тағам қоспаларында, тіпті, сусабын өндірісінде пайдаланады. Құрамында магний, кальций және темір болғандықтан, емдік шөп көбелектердің де басты азығы саналады. Өсімдік үшін топырақ құрамында фосфаттың жеткілікті болуы аса маңызды, сол себепті де қалақай Жамбыл өңірінде көптеп кездеседі. Қалақай қадірін жете татитын жергілікті тұрғындар шипалық шөпті бойдан суық алу мақсатында әлі күнге дейін қолданып келеді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді