Ауданның білім беру саласындағы 38 мектептің 31-ін, 26 балабақшаның барлығын да әйелдер басқарады. Сондай-ақ, нәзікжандылар денсаулық сақтау саласындағы 28 мекеменің, 582 кәсіпкерлік нысанының және бірқатар жергілікті атқарушы органдардың басшылық қызметін абыроймен арқалап жүр.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығын өркендетпей, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екенін айтып, ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша маңызды міндеттерді айқындады. Бұл міндеттерді іске асыруда, әрине, ауыл әйелдеріне де үлкен жауапкершілік артылады. Ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде аймақта шағын және орта бизнес субъектілерінің 42 пайызы әйелдерге тиесілі.
Ауданда әйел азаматшаларды әлеуметтік және құқықтық қолдау шараларын жүзеге асыру ісі де кешенді түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатта аудан әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы құрылған. Аталған комиссия тарапынан ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биыл 4 наурызда «Әйел. Отбасы. Қоғам: Елдің тұрақты дамуы» атты аудандық әйелдер форумы өтті. Онда «Қазақ әйелі – ел бірлігінің кепілі», «Отбасы: құндылық, мәселе және шешім», «Әйел және бизнес», «Мүмкіндіктер алаңы» тақырыптарын қамтыған төрт панельді сессиялар жұмыс істеді. Нәтижесінде әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары аясында облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған аналар алқасы комиссиясымен, сондай-ақ, экономикалық қолдау шаралары аясында «Жамбыл облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен, аудан әкімдігімен бірлесе жұмыстар атқару үшін меморандумға қол қойылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Отбасы институтын қолдау шараларына» аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі арқылы арнайы тапсырыс шеңберінде түрлі іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес, «Елу жылда – ел жаңа» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып, әйелдерді және отбасын әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары аясында ауданға қарасты 17 ауылдық округте қыз-келіншектермен кездесулер өткізіліп келеді. Іс-шара аясында отбасы құндылығы насихатталып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамалық көмектер көрсетілуде. Әзірге аталған жоба Аса, Тастөбе, Ерназар, Тоғызтарау, Бектөбе, Шайқорық, Сұлутөр, Жасөркен ауылдарында өткен. Жиындарда қыз-келіншектерге арналған мемлекеттік қолдаулар жайы кеңінен насихатталуда. Басқосуларға әр ауылдағы үлгілі отбасылар шақырылып, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар жайлы ойлар ортаға салынып тұрады.
Жалпы, отбасы институтын қолдау және нығайту шаралары аясында ауданда отбасыларға әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинеті ашылған. Жыл басынан бері кабинетке бес әйел жүгініп, «Сенім телефонына» сегіз қоңырау түскен. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстарды алдын-алудағы үш айлық акциясын өткізу бойынша аудандық жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес, отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау бойынша отбасы мүшелерінің физикалық, зияткерлік, рухани дамуына ықпал ету мақсатында аудандық мобильді топ 17 ауылдық округте арнайы бекітілген кестеге сәйкес ауыл әйелдерімен кездесулер өткізіп тұрады. Сондай-ақ, акция аясында құқық қорғау, денсаулық сақтау салалары мен қоғамдық бірлестіктер, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен «Отбасындағы дау-дамай себептері» тақырыбында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығымен семинар ұйымдастырылған. Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге және кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған адамдар үшін «111» бірыңғай байланыс орталығы туралы ақпарат барлық әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жарияланған.
Ежелден отбасы қоғамдағы бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің символы болған еліміз үшін аталған бағыттағы жұмыстар аса маңызды. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерінде отбасы институтын нығайту және дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауыл әйелдерін ілгерілетудің негізгі мәселелері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында да көрініс тапқан. Ал жыл сайынғы өткізілетін ауыл әйелдерінің форумы Парламент және мәслихат депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысатын ауыл әйелдерінің әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған сындарлы диалог алаңына айналып отыр. Өз кезегінде үйдің де, түздің де абыройын теңдеп жүрген азаматшалар өз белсенділігімен әлеуметтік, экономикалық саланың өркендеуіне үлестерін қосып келеді.
Нұрболат АМАНБЕК
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді