Ғылымда қымыздықтың 150-ге тарта түрі анықталған. Оның географиялық орналасуы мен түр ерекшелігіне қарай альпілік, тянь-шань қымыздығы, жабайы қымыздық, жасыл қымыздық, кәдімгі қымыздық, қышқыл қымыздық сынды түрлері кеңінен тараған. Тіпті тау өсімдігінің жылқылар жейтін жылқы қымыздығы деп аталатын түрі де бар. Емдік шөптің бұл түрі медицина атасы саналатын Авиценна еңбектерінде кездеседі. Авиценна жылқы қымыздығының емдік қасиеттері туралы: «Сірке суында қайнатылған қымыздықтың тамыры жаралардағы ауырсынуды азайтуға көмектеседі, ал егер сіз қымыздықты шарапта қайнатсаңыз, оны дәрілік таңғыш ретінде пайдалануға болады. Ыстық судағы қымыздықтың қайнатпасы қышымаға ем, өсімдік көбіне шырынмен бірге ванналарда қолданылады», – дейді. Сонымен қатар, ортағасырлық ғалым емдік шөптің сығындысын тіс ауыруы кезінде ауыз шаюға пайдалануға болатындығын атап өткен.
Кеңес Одағы тұсында қымыздық дәрі өндірісінде шикізат ретінде қолданылған. Түрлі ауруларға ем.
Бұдан бөлек, емдік шөптің жасыл қымыздық аталатын өзге түрін бүгінде Шығыс пен Батыс елдерінің, әсіресе, түрік асханасында кеңінен пайдаланады. Емдік шөптің қышқыл дәміне байланысты түрлі салаттар мен сорпаларға қосып, дәмді салма жасайды, жапырақтарын қысқа даярлайды, ботқа, салат жасайды, омлетке қосады, тіпті кисель әзірлеуде қолданылады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




