Алайда, ол жақта жаяу жүргінші жолағы да, бағдаршам да жоқ. «Әпке, ол жерден жолды қиып өтуге болмайды», дегенімше болмады, әлгі кісілер жолға қарай ентелей түсті. Үлкендеуі қасындағысына:
– Қолымнан қатты ұстап ал, қазір жүгіреміз, – деді де, жолдан желдей есіп өтті.
Зуылдап жатқан көліктердің даусынан менің айтқан сөзім де естіле қоймасы анық. Жолды қиып, көліктердің арасынан жылдам өтіп бара жатқан мезетте, скутерді тізгіндеген жас бала әлгі жандардың алдынан шыға келді. Оқиға қас-қағым сәтте орын алды. Ешкім аңғарып та үлгермеді. Екі әпкем дереу айқайға басты.
– Неге тоқтамайсыңдар, жолға қарамайсыңдар ма? Жап-жас болып үлкенді сыйлауды білмейді, – деп қолдарын сілтей ұрысып тұр екеуі.
Оған құлақ асқан бала да жоқ, скутерімен зулап сол бойда-ақ кетіп қалған. Ал енді ойлаңыз, осындай жағдайда біреуге зақым келсе, не болмақ? Кінәліні іздесең, скутер, мопедпен жаяуларға жол бермей зуылдап өтетін жастар да бей-берекет зырғиды. Әлгіндей жаяуларға арналған өткелдің бар-жоғына қарамай, көліктердің арасынан кесіп өтетіндер де бар. Әлгі әпкелер де сәл жүрсе, көп ұзамай-ақ арнайы өткелмен өтулеріне болар еді.
Қала ішінде жалғыз жолдан өтуде ғана емес, саябақтарда қоқыс жәшігі тұрғанымен, артын ластап кететіндер де кездеседі. Тіпті, қоғамдық орындарға да, демалуға арналған орындықтар мен әткеншек орнатса сындырып, қаусатып кететіндер қаншама. Мұндай әрекеттер қоғамдық мәдениеттің төмен екенін айқындай түседі. Дегенмен, қаладағы қаптаған скутерлер де қарапайым халықтың маза-құтын қашыруда. Тіпті, мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың көбісі осы мопед, скутерлерді айдайды. Оларда жүргізуші куәлігінің жоқтығы және кәмелет жасына толмағанының өзі заңсыз емес пе? Жол-көлік апатының басым көпшілігі де осы жас жеткіншектердің қателігінен орын алып жатады.
Қорыта айтқанда, бізге ішкі мәдениет жетіспейді. Ал, онсыз өркениетке ұмтылудан ештеңе шықпайды. Қоғамдық орындарда тазалықты сақтап, қауіпсіздік шараларын ескеріп, заң талаптарын бұзбай, бір-бірімізге дауыс көтермей жүрер күнге қашан жетер екенбіз?..
Құрмет САРЫБАЕВ,
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының2 курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді