– Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарындағы оқиғалар қазақ халқының мәдениеті мен болмысына өте ауыр тигені анық. Сондықтан, бүгінгі таңда жас та, жасамыс та елдің өткен тарихын білумен қатар, болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеуіміз керек. Жалпы, 1937-1938 жылдары қазақ интеллигенциясына қарсы бұрын-соңды болмаған шабуыл жасалды. Ұлтымыздың бас көтерер азаматтары жалған жаланың кесірінен жан алғыш жендеттердің қолынан қаза тапты. Ұлтымыз аса дарынды, білімді асыл тұлғаларынан айырылды. Егер сталиндік репрессия болмағанда, бұл күнде біздің халқымыздың саны 60 миллионға жуықтайтын еді. Кеңестік кезеңдегі тұтас тоталитарлық жүйенің құрбаны болған ел азаматтары ешқашан ұмытылмақ емес. Одан бері қанша уақыт өтсе де, сол жылдардағы қайғы-қасірет қазақ халқының жадында мәңгі сақталады, – дейді Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы.
Ал, Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Ермек Дүкенбай іс-шараға қатысушылар рухани сусындап, тарих қойнауын тағы бір парақтап қайтқанынайтып өтті. Айта кетейік, аталғане іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттардың, ардагерлер кеңестері мен қоғамдық кеңестердің, Amanat партиясы облыстық филиалының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және сол кезеңде қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындары қатысты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді