
Ішіндегі бір ер бала мені көзі шалып:
– Әпке, кімнің мамасысыз? Кімге келдіңіз? – деп тәтті тілімен былдырлап алдыма жүгіре жетті.
– Ешкімге келгенім жоқ, – деп айтып ауыз жиғанша әлгі бала:
– Балаңызды алып кетесіз бе? Менің мамамды көрдіңіз бе? Ол маған келеді ме? Қашан келеді, мен күтіп жүрмін, – деп төпелете асығыс сөйлеп кетті.
Оның артынан басқалары да жүгіріп келді. Менен кімнің мамасы екенімді айтар жауабымды асыға күткендері жаутаңдаған жанарларынан аңғарылады. Бәрінің көздерінен «Менің мамам болшы...» деген тілекті көрдім. Аналарын іздеген бейкүнә бүлдіршіндердің кейпі тілімді байлағандай, сөйлей алар емеспін. Көзіме жас келіп, тамағыма өксік тығылды. Әлдене десем, мына балаларға анасы келердей үміт оятатын сияқтымын. Ал, әлгі пысық бала әлі тоқтамай сөйлеп тұр. Соңдарынан жеткен тәрбиеші қыз «Жүріңдер, балалар, аулаға шығып ойнаймыз» деп оларды сыртқа шақырып әлек. Ана махаббатын іздеп, мамаларын күткен балалар менің қасымнан кетпей, айналып жүр. Тәрбиеші қыз бірінен соң бірін есікке қарай жетелейді, балапандар қайтып айналып менің қасыма келе берді. Себебі, олар менен «Сенің мамаңмын, жүр, үйге барайық, құлыным» деген бір ауыз сөзді күтіп тұр. Әттең, айта алмадым, біреуін ғана ертіп кету мүмкін емес, бәрі де «Менің балам болса екен...» дерліктей сүп-сүйкімді, тәп- тәтті. Әттең, осындай бақытты бағаламаған безбүйрек шешелер қашан ойланар екен?..
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
- Бүгін, 03:44
Кәсіпкерлер аулаларды асфальттап беруде
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді