Жастарды ынталандыруға арналған бұл бағдарлама 2009 жылдан бастау алды. Жаңадан оқу орнын бітірген жастар шалғай елді мекендерге барып, қызмет жасады. Оларға жергілікті басқармалар әлеуметтік қолдау көрсетті. Аталмыш жоба бүгінге дейін жалғасын табуда. Небір білікті жастар ауылдардағы түрлі саланың түрленіп, өркендеуіне үлкен үлес қосуда. Сонымен қатар, ауылдан қалаға көшкендердің орнын толтырып, ондағы халық санының артуына да үлес қосты.
Қазіргі таңда бұл жобаның барысы қалай іске асып жатқандығын және ауылға барған азаматтардың әлеуметтік ахуалын білу мақсатында, сонымен қатар, биыл қанша маман осы бағдарламаға қатысқанын анықтау үшін аудан әкімдіктеріне хабарластық.
Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мамандарының берген мәліметінше, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында былтыр «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасына республикалық бюджеттен 28 маманға 144 900,0 мың теңге қарастырылған. «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 60 маманға 20 700,0 мың теңге бөлінген.
Сондай-ақ, 100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасы жоспарына сәйкес, құжат тапсырған 60 маманға 20 700,0 мың теңге ұсынылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 1 маманға, білім саласының 33 қызметкеріне, әлеуметтік қамсыздандыру мен мәдениет және спорт салаларындағы 18 адамға берілсе, қалған 8-і ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекет қызметшілеріне тиесілі болған.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалия Мықтыбекованың айтуынша, 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау 28 (144 359,0 мың теңге) маманға ұсынылған. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша – 1 маманға, білім саласы – 19, мәдениет саласы – 4, спорт саласы – 2, агроөнеркәсіптік кешен саласынан – 1 маманға және 1 ауыл, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекет қызметшісіне берілген. Мамандардың бағалау актілері есебінен үнемделген 541,0 мың теңге қаржы республикалық бюджетке кері қайтарылыпты.
– Биыл «Дипломмен–ауылға» бағдарламасы аясында «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасына республикалық бюджеттен 26 маманға 223 366,0 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенге келген 19 маманға айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын 175 370,0 мың теңге тағайындалды. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге келген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада 110 760,0 мың теңге 15 маманға тиесілі болды,–дейді Ғалия Тұрмаханбетқызы.
Сонымен қатар, ол осы жылы әлеуметтік қолдау шарасы аясында тағы 30 маманға 11 076,0 мың теңге берілгенін жеткізді.
Бұл бағдарламаны ең көп іске асырып, жастарға жиі қолдау көрсеткен Жуалы ауданы екен. Осы орайда біз бағдарлама аясында ауылға барған мамандармен де тілдестік.
Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының қызметкері Ербол Бекжанов: – Мәдениет саласының маманы ретінде ауылда қызмет істегеніме қуанамын. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болдым. Бұл жоба жаңадан оқу бітірген жастарға үлкен қолдау», – дейді.
Ал, Тимур Сағымбеков есімді Жуалы тұрғыны бағдарлама аясында қаладан ауылға келіп, өзінің әлеуметтік жағдайын түзегендігін және Бауыржан Момышұлы елді мекеніндегі өнер саласында абыройлы қызмет атқарып жүргендігін жеткізді.
Аталған жоба Меркі ауданында да тұрақты іске асып келеді. Осы жылы онда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы 48 маманға қарастырылған.
Ауылға баруға ниетті мамандарға жергілікті билік тарапынан қолдау бар. Тек сонда кемінде 5 жыл тұрақтауға тиіссің.
Шалғай мекендердің әлеуетін көтеруге арналған жобаның болашағы алда.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді